• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДИАГНОЗ ҚОЯДЫ МА?

23.06.2026
0

Сапалы медицина қайдан басталады? Заманауи құрылғыдан ба, білікті дәрігерден бе, әлде науқасқа деген жанашырлықтан ба? Шымкент қаласындағы №7 қалалық емхана осы үш бағытты қатар дамытып келеді. Еңбекші ауданында орналасқан медициналық мекеме бүгінде қырық мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетіп, заманауи диагностика мен емдеудің қолжетімді орталығына айналған. №7 қалалық емхана тұрғындарға алғашқы медициналық, санитариялық көмек пен консультативтік, диагностикалық қызмет көрсетеді. Мұнда кардиолог, стамотолог, невропатолог, хирург, офтальмолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, уролог, ЛОР және басқа да бейінді мамандар қабылдау жүргізеді. Бүгінде емханаға 40 мыңнан астам тұрғын тіркелген.

  Емхана соңғы жылдары жаңа технологиялармен толықты. Дәрігерлер үшін жаңа көмекші пайда болды. Plus AI жасанды интеллект қосымшасы жылдам диагноз қоюға және тұрғындардың арыз шағымын қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында А және В корпустары арасында өткел салынған. Емханада ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінген. Мұнда дені сау бала бөлмесі, босануға дайындық кабинеті, психолог, логопед, аудиоскрининг және егу бөлмелері жұмыс істейді. Жас аналар үшін қолайлы жағдай жасалып, балалардың дамуын бақылау мен профилактикалық тексерулер тұрақты жүргізіледі.

Медициналық мекеменің зертханалық мүмкіндігі де кеңейген. Заманауи қан талдау құрылғылары арқылы жұқпалы ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік бар. Мамандардың айтуынша, зертханалық диагностика көмегімен вирустық гепатиттерді, бруцеллезді және өзге де инфекциялық ауруларды анықтау жұмыстары жедел әрі нақты жүргізіледі. Жылдамдығы соншалықты мұндағы аппараттар 1 минут ішінде 1 қан сынамасын толық тексеруге қауқарлы. Бұл науқастың уақытылы ем алуына жол ашады.

Емхананың ерекше жобаларының бірі тұзды шахта, яғни галотерапия бөлмесі. Демеушілердің қолдауымен ашылған бұл кабинет тыныс алу жолдары ауруларының алдын алу мен оңалтуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, тұзды микроклимат бронх демікпесі, аллергиялық аурулар мен тыныс алу жүйесінің кейбір сырқаттарына оң әсер етеді. Бұл тұрғындарға ұсынылатын қосымша сауықтыру қызметтерінің бірі саналады.

Previous Post

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Next Post

ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕСКЕРТЕДІ

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

БАСПАНА – БАҚЫТ БАСТАУЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.