Нұрбек Жаhангерұлы Төкеевпен таныстығым өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы болатын. Ол кезде мен Алматыдағы политехникалық институтында оқимын. Жазғы демалыс кезінде, өзім жұмыс істеген балқыту цехының конвертор бөлімінде, уақытша жұмыс істейтінмін. Жұмыс уақытында бөлімшенің слесарьлар бригадирі Костя Высоцкий: -Толеген, ты знаком с нашим новым механиком участка Нурбеком, оказывается Вы учились в одном институте-деді. – жоқ, білмеймін, мүмкін ол ертерек бітірген болар -дегеніме, ол – наш новый механик очень грамотный, деловой, требовательный парень -деп, бас бармағын көрсетті. Тәжрибелі бригадирдің сөзі есімде қалды.
Институтты аяқтап, Жезқазған мыс қорыту заводына қайтадан оралған кезім. Нұрбек ол кезде Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының партия комитетінде нұсқаушысы болып істейтін. Қоғамдық жұмыстарда, жиналыстарда кездесіп жүрдім. 28-ші шағын ауданында бір аулада тұрдық. Кездескенде сәлеміміз түзу. 1984 жылы Нұрбек Құю-механикалық заводына бас инженер болып тағайындалды. Сол заводта істейтін таныстарымнан Н.Төкеев туралы жақсы лебіздер естіп жүрдім.
1986 жылы Төкеев Нұрбек Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының халықтық бақылау комитетіне төраға болып сайланды. Арада шамалы уақыт өткенде мен аталмыш комбинаттың кәсіподақ комитетінің төраға орынбасарылығына сайландым. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасымыз жиіледі. Жезқазған мыс қорыту заводында Жамбыл Ыбыраев бастаған бірқатар азаматтар отбасымызбен араласатынбыз. Мыңжасар Айсауытов, Қайсар Телешев, Ізбасар Садықовтар кезінде Нұрбекпен институтта қатар оқыған және балқыту цехында қатар жұмыс істеген. Арамызға Нұрбек Төкеев, Ерболат Исмайылов, Жұмажан Сүттібаевтар қосылды. Қыс айында, кезекпен, соғымнан бәріміз үйімізден «омыртқа» сыбағасына шақыру заңдылыққа айналды. Арамызда жасы үлкен Жәкең бәріне ұйытқы болатын. Табиғатынан кішпейіл Жәкең үлкенмен де, кішімен де, тіптен балалармен де тез тіл табысып кететін қасиеті ерекше еді. Нұрбектің отбасымен таныстық, жұбайы Гүлжан қазақ келіншектеріне тән жағымды қасиеттерді бойына жинаған, өте кішпейіл, адамгершілігі мол жан екенін бірден таныдық. Жақсы араласып кеттік.
Принципшіл Нұрбек, комбинат директоры Т.Урумовтың өндіріске бөлінген құрылыс материалдарын Кавказда жеке үйлер салуға жіберіп отырғанын және өзіне Жезқазғаннан қымбат материалдардан үй салдырғандарын әшкереледі. Бәрінен сорақысы, алып комбинаттың өндірістік көрсеткіштерін түрлі тәсілдермен бұрмалап «приписка» жасалынғандарын дәлелдеп, баршаға әшкере етуі. Т.Урумов және Жезқазған облысы партия комитетінің 1-ші хатшысы Н.Давыдовтың комбинаттың тамақтану мекемесінен, дүкен сөрелерінде болмайтын дефецит тағамдарды тегін алып тұрғандарын, тексеріп дәлелдеді. Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының құрамындағы асханалар, буфеттер-тамақтану мекемесіне (комбинат питания) қарайтын. Тамақтану мекемесінің сол кездегі директоры Столяровтың жеке тәртібін халықтық бақылау комитетінде қарап, жұмысынан босатты. Бірде Нұрбектен:-суға батпайтын, «крышасы» мықты Столяровты жұмыстан қалай босаттың –дегенімде, — ешкімді менсінбейтін ол өзіне тықыр таянғанда, маған жақындайтын жол іздеумен болды. Бірде маған: Нурбек Жахангирович, для Вас подготовил большую коропку с дефицитными продуктами, черная икра, индийский чай, армянский коньяк и т.д. Мен: -Рахмет, қызыл уылдырық қоссаңыз жақсы болар еді-дегеніме, -ол да болады-деп, қуанып кетті. — Ертең бақылау комитетінің отрысы өтсін, Сізге жай ескерту жасаймыз, сосын жаңағы сыйлықтарыңызды аламын-дегеіме сенді білемін. Халықтық бақылау комитеті:-қызыметін өрескел пайдаланғаны және заңды бұзғаны үшін Столеров қызыметінен босатылсын-деген шешім шығаралы. Қамқоршыларынан тиісті көмек болмайтынын сезген Столяров жұмыстан босап, басқа өлкеге көшіп кетеді. Т.Урумовтың жаңадан салынған үйін Жезқазған мыс қорыту заводының балқытушылар бригадиріне бергізді. Бұл Нұрбектің әділдік жолында жасаған жұмыстарының бір парасы еді.
Жезқазған облысының бірінші басшысы Н.Давыдовтың қазақтан шыққан іскер азаматтарды негізсіз орындарынан босатып (Аханов, Абаханов, Айтқұлов т.б), олардың орындарына өзінің жандайшаптарын тағайындағанын, күнделікті ішетін ауызсуды Ұлытаудан арнайы көлік жіберіп алдыратынын және басқа кемшіліктерін қатты сынға алып, конференциялар мен кездесу жиындарда жасқанбай мінбеден айтып жүрді. Бүкілодақтық «Правда» газетіне Нұрбектің жанкештілігімен Н.Давыдовтың жіберген қателіктерін сынаған мақала жарық көрді. Ол кезде партияның басылымында жарияланған сын мақаладан кейін басшының қызметінде қалуы екіталай болатын. Жалғанды жалпағынан басқан Н.Давыдов жылы орнынан болсап, Мәскеуге көшіп кетті. Басшылар тарапынан жасалған келеңсіздіктердің бетін ашып, жария еткен Нұрбек Төкеевтің тұрғындар арасындағы абыройы жоғары болды. Халық оған сенді. Қатып қалған жүйемен күресу оңайға түспейтінін, оны жеңіу үшін қандай қайрат, жігер, төзімділік керек десеңізші. Өзінің ісіне нық сенген Нұрбек жеңіп шықты. Әрине, оның қасында қоғамдық ұйымның белсенді мүшелерінің қолдауы демеу болғаны анық. Сол кездері, Нұрбек бастаған халықтық бақылау комитетінің белсенді мүшелері Линар Бикаев, Қайрат Мейірбеков, Алексей Востриков, Зинайда Сизова, Сапар Аубакиров т.б азаматтардың есімдері аймақ жұртшылығына танымал бола бастады.
1988 жылдың күз айында әр деңгейдегі партия ұиымдарының есеп-беру сайлау жиналыстарының науқаны басталды. Бір күні Жәкең бастаған біртоп достар (Жамбыл, Қайсар, Нұрбек, Мұханбет) менің жұмыс орыныма келді. Олардың жәй келмегенін іштей сездім, бірақ маған тікелей байланысты екенін кейін түсіндім. Сөзді Жакең бастады: — Төлеген, жақында заводта партия ұйымының жиналысы болады, сені сол жиналысқа шақыруға келдік-деп бір тоқтады. Мен, Сочидегі санаторийге жолдама және самолетке билет алғанымды алға тартып, жиналысқа қатынаса алмайтынымды айттым. Жәкең сөзін былай жалғастырды: — өзің білесің, кезінде көп жылдар директор болған Ли И. заводтағы қазақ жастарының қызыметін жоғарлатпады, енді оның орынына шәкірті Заборцев директор. Қазақ жастарының жолы тағы кесілетін болды. Завод партия комитетіне хатшылыққа сені лайық деп санаймыз, келісіміңді бер-деп тоқтады. Келісім бермедім. Завод директорымен тең сөйлесуге қабілетің жетеді, келісіміңді бер-деп аяқтады. Қайсар мен Мыңжасар да өз пікірлерін айтып, менің келісім беруімді қалады. Достарымның ұсынысын қабыл алдым. Қазанның 12 күні Жезқазған мыс қорыту заводына келіп, коммунистер жиналысына қатынастым. Жиналыста Жәкең қасымда отырды. Завод партия комитетінің хатшылығына 11 үміткер түстік, барлығымыз бағдарламамызды жариялап, сұрақтарға жауап бердік. Жабық дауыстың нәтижесі бойынша, жиналысқа қатынасқан 437 коммунистің 67 % дауысын алған мен бірінші турда хатшы болып сайландым. Мыңжасар Айсауытов «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірестігінің партия комитетінің хатшысы болып сайланды.
КСРО Орталық комитетінің Бас хатшысы М.Горбачевтің «демократия, жариялық» ұраны біздің аймақта да нәтижесін бере бастады. 1989 жыл басында Жезқазған мыс қорыту заводының директоры мен балқыту цехының басшыларын сайлау жиналыстары өтті. Балама сайлау нәтижесінде Жезқазған мыс қорыту заводының директоры болып Төлеген Абдрахманов, ал балқыту цехына Қайсар Телешев сайланды. Шамалы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар айтуға оңай болғанымен, жылдар бойы коммунистік жүйенің өктемдігіне қарсы тұруға көпшіліктің құдыреті жетпегені ақиқат еді. Жамбыл Ыбыраев, Нұрбек Төкеев, Мыңжасар Айсауытов, Қайсар Телешев бастаған топқа қаламыздың басқа салаларында қызмет атқаратын, оқытушылар:- Роза Бекжанова, Қазира Жандаулетова, Сәуле Жүнісбекова, Рыскүл және Мұратбек Медетбековтер, Жиенбек Сұлтанов; дәрігерлер-Әбілқас Нұрлыбаев, Тілеубаев; басқа мекемелерден – Болат Дүйсенбаев, Асқар Ермекбаев, Татьяна Шульц, Тілеуберген Кәрсембаев, Сәтбаев қаласынан Мүзараф Аханов, Қуаныш Ахметовтер қосылды. Күн өткен сайын «неформалдардың» қатары көбейді. Көкірегі ояу, алғыр әрі принципшіл Нұрбектің «неформалдардың» арасында беделі жоғары еді. Оның тұжырымды ұсыныстары, ақыл-кеңестері өте қажет болды, әрі қолдау табатын.
1989 жылыдың қараша айында жергілікті жерлерде депуттар сайлауына дайындық басталды. «Неформалдардың» бейресіми штабын Нұрбек басқарды. Жезқазған облыстық және қалалық сайлау округтеріне депуттатыққа үміткерлердің тізімі жасалып, кім, қандай сайлау округінен түсетінін ақылдаса отырып шешілді. «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірестігінің Бас директоры Т.Урумовқа қарсы, Нұрбектің ұсынысымен, жөндеуші-слесарь А.Мазуркевич бір округтен түсті. Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы Э.Сүлейменовке қарсы Б.Дүйсенбаев Жезқазған облыстық депутаттығына бір округтен түсті. Нұрбектің қарсыласы Жезқазған облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, Алихан Байменов Жезқазған туы газетінің редакторы Сауытбаевтар түсті. Урумов Т., Сүлейменов Э, Саутбаев тағы басқа мүйіздері қарағайдай басшы қызметкерлер депутаттыққа өтпей қалды. Бұл жолғы сайлауда Нұрбекке қарсы түсуге ешкімнің жігері жетпегені айқын еді. Жезқазған қалаысна депутат болып М.Айсауытов, мен, Т.Шульц, З.Сизова, Т.Кәрсембаев, Ә.Нұрлыбаев, С.Жүнісбекова, Ж.Сұлтановтар сайланды. Сайлау әділ өтті. Нұрбек, Болат, Әлихан, Айтжановтар облыстың белсенді депутаттары болды.
Жезқазған қалалық депуттарының 1-ші сессиясында Э.Сүлейменов қалалық депутаттар Кеңесінің төрағалығына сайланды, бірақ облыстық депутаттыққа өтпей қалған оның алдағы тағдыры бұлыңғыр еді. Қалалық атқару комитетінің төрағалығына, бір дауыс артығымен сайланған, Ю.Рыбалкин арада екі ай өтпей өз өтінішімен қызметінен босатылды. Оның орынына депутат Т.Қаленов сайланды. Бұл ауыс-түйіске Нұрбектің ықпалы болды. Сол кезеңдегі Заңнама бойынша қалалық Кеңес төрағасын облыс Кеңесінің төрағасы депутаттарға ұсынады. Депутаттардың басым көпшілік дауысын алған тұлға Кеңес төрағалығына сайланады. Ал, төраға өзінің орынбасарлары мен қалалық Конституциялық бөлім басшыларын депутаттардың қолдауынан кейін бекітеді. Облыстың Нұрбек бастаған белсенді депутаттары қалалық депутаттар сессиясына ұдайы қатынасатын.
1990 жылдың қаңтар айында қала басшысы Э.Сүлейменовтың, кезінде коттеджді заңсыз алғаны туралы соттың шешімі шықты. Өткен жыл аяғындағы сайлау додасы кезінде, Жезқазған мыс қорыту заводының сайлаушыларымен болған кездесуде, оның қарсыласы Б.Дүйсембаевтың сенімді өкілі Амантай Ідірісов, Сүлейменовтің коттеджде заңсыз тұрып жатқаны туралы сұрақ көтерген болатын. Оған Сүлейменов:- коттеджді заңды түрде алдым-деген. Сот шешімі бойынша Э.Сүлейменовтың жеке басының тәртібі Жезқазған мыс қорыту заводы коммунистерінің жалпы жиналысында талқыланды. Бұрын-соңды, жоғарғы партия комитеті басшысының тәртібін, төменгі партия жиналысында қарамайтын. Бұл да демократияның әсері еді. Көпке ұзамай Э.Сүлейменов қызыметінен босады. Босаған орынға, Жезқазған облыстық партия комитетінде бөлім жетекшісі болып істейтін Мұханбет Жұманазарұлы Көпеевті, облыс партия комитеті ұсынды. Қалалық пленум мүшелерінің қолдауымен М.Көпеев Жезқазған қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы болып сайланды. Ықпалы әлсіреген коммунистік партия басшылары билік тізгінін қолдарында ұстау мақсатында әр деңгейдегі 1-ші хатшы сол аймақтың депутаттар Кеңесін басқаратын. Бұл жазылмаған заң еді. Қаланың билігін қолында ұстау үшін М.Көпеевке енді қалалық Кеңестің төрағасы болуы керек, ол үшін қалаға депутат болып сайлануы тиіс. Шамалы уақыт өткенде, қаламыздағы жетекші партия ұйымының хатшыларын, мыс қорыту заводынан- мені, байыту фабрикасынан-Қорғанбеков С., КЦМР –Лақбаев Қайырбек және Т.Нұрбекті Мұханбет кездесуге шақырды. Кездесу барысында ол, қаланың жағдайын жақсарту туралы жоспарымен таныстырды. Толық билік жүргізу үшін қалаға депутат, әрі қарай Кеңес төрағасы болуы керектігін ескертті. М.Көпеевтің қалаға депутат болып сайлануына Нұрбек, Қайырбек және менің ықпалымыз көп болды.
1990 жылдың наурыз айының басында Жезқазған қалалық «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымы құрылды, Қоғамның төрағасы болып мен сайландым, Басқарма мүшелері болып М.Айсауытов, Н.Төкеев, М.Көпеев,Ж.Сұлтанов, Ә.Нұрлыбаевтар, барлығы 37 адам сайланды. «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен Жезқазғанда алғаш рет Наурыз мейрамы кеңнен тойланды.
1990 жылдың басында Қаз.ССР Жоғарғы Кеңесіңе депуттатар сайлауы басталды. Жергілікті депутаттарды балама сайлаудан ауыздары күйген қала, облыс партия комитеттерінің жетекшілері бұл сайлауға әдепкі күннен бастап қатты араласты. Жоғарғы Кеңеске Жезқазған қаласынан екі сайлау округі (Ғарышкерлер бақжолының солтүстігі және Жәйрем кентінің сайлау учаскелері. Екіншісі, Ғарышкерлер бақжолының оңтүстігі, Талап, Кеңгір, Сарыкеңгір, Промышленный, Теректі сайлау учаскелері). Сәтбаев қаласынан бір сайлау округі. Біз үшін депутаттыққа үміткер ұсынуға кедергілер көп болды, соған карамастан Жезқазған мыс қорыту заводы ұжымының жалпы жиналысында бірауыздан Жамбыл Ыбыраев ұсынылды. Облыстық партия комитетінен талай құқай көрдім, өйткені олар жұмыскер ұсынылуы керек деп болмады. Егер, Ж.Ыбыраевты тіркемесеңіздер, заводқа өздеріңіз келіп, қайтадан жиналыс өткізіңіздер, қалайтын үміткерді ұсыныңздар- деп тұрып алдым. Қала мен облыс басшыларымен бетжыртыс басталды. Олардың тапқан амалы, заводттан емес, «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің жалпы жиналысында үміткер ұсынылуы керек деп шешті. Оған да көндік. Жалпы жиналысқа тас-түйін дайындықпен келдік, мақсатымыз Жәкеңді қолдау. Жиналыс өтетін күнде келді. Театр ғимаратында өткен жиналысты Мыңжасар Айсауытов жүргізді. Бес үміткер ұсынылды, талқылай келе жиналысқа қатынасқандардың басым көпшілік дауысын алған Жамбыл Ыбыраев депутаттыққа үміткер болып сайланды. Бұл әдепкі жеңіс болатын. Арада екі күн өткенде, Жәкеңе балама болып, «Қазмысқұрылыс» тіресінің құрлысшылар бригадирі Қалижан Тұрлыбеков ұсынылды. Басшылардың осы үміткерді қолдайтындары айдан анық еді, өйткені Қ.Тұрлыбеков СОКП Орталық комитетінің және Жезқазған облыстық партия комитетінің бюро мүшесі болатын. Екінші округтен депутттықа үміткерлер болып С.Тәкежанов-түсті металлургия министрі және Жезқазған геологиялық-барлау экспедициясының лаборанты Маркелова тіркелді. Сәтбаев қаласы сайлау округінен үміткерлер болып Т.Урумов, Л.Филоретова, Е.Орынғалиев тағы екі үміткер тіркелді.
Жамбыл Ыбыраевтың сайлауалды штабын мен басқардым, Сауық Тәкежановтың штабына Нұрбек Төкеев басшылық жасады. Сәтбаев қаласында Людмила Филоретованың штабына Мүзарф Аханов пен Қуаныш Ахметов жетекшілік жасады. Сайлау науқаны өте тартысты өтті. Т.Сауық ағамыз Жезқазғанға келіп сайлаушылармен кездесулер өткізді. Алматыға қайтар алдында ағамыз Нұрбек екеуімізді «Металлург» қонақ үйіне шақырды. Біраз әңгімесін айттып, бізге:-жігіттер, мен бінеше мәрте депутат болып сайланғанымды өздерің білесіңдер, ал бұл сайлай ерекше. Бұл жолы депуттатықа өтуім қиын болатынын білемін, егер де өтпей қалсам сендерге ренішім болмайды-деген болатын. Нұрбек сайлауалды штабын жақсы ұйымдастырды, Жәйремге бірнеше мәрте барып, ол жақтағы қолдаушыларға кеңесін беріп жүрді. Екі округтегі сайлауалды жұмысымыз басымыздан асып жатса да, уақыт тауып, көрші Сәтбаев қаласынадағы Мүзекең мен Қуаныш басқарған штаб мүшелерімен кездесіп, пікір алмасып тұрдық. Басшылар тарапынан кедергілер көп болғанына қарамастан, атқарылған жұмыстарымыз оң нәтижесін берді. Сайлау қортындысы бойынша 1-ші турдан Жамбыл Ыбыраев және Сауық Темірбайұлы Тәкежанов Қаз.ССР-нің Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. Нұрбек, сайлаушылардың көпшілік дауысын алып, депутат болғанын Сауық ағасына телефон арқалы хабарлады. Өзіне сенбеген Сауық Темірбайұлы: — Нұрбек, рас па, дауысты дұрыс санады ма?-дегеніне, Нұрбек: — аға бәрі дұрыс Сіз депутат болдыңыз-деп қайталад. Ол кісі Нұрбек арқалы барлығымызға рахметін айтты. Барлық достарымыз түнде Жамбылдың үйіне барып, жеңісімізді тойладық. Сәтбаев қаласында көп дауыс алған Т.Урумов пен Л.Филоретова екінші турға шықты. Нұрбек бастаған топ біріңғай Л.Филоретованы қолдап жұмыс жасадық, бұндағы мақсат-Т.Урумовты өткізбеу. Екінші тур қортындысы бойынша жеңіске жеткен Л.Филоретова депутат болып сайланды. Бір кездесуде, ақын, тау-кен инженірі Қуаныш Ахметов, Нұрбекке: — Сенің жұмыстарыңа өте разымын, Н.Давыдов пен Т.Урумовтарға қарсы шыққаның, меніше – танкіге қарсы жалаң қылышпен шыққандай елестетемін- деп күлісіреп, Нұрбектің қолын қысты. Бұл, Нұрбек туралы жалғыз аққынның пікірі ғана емес, басым көпшіліктің пікірі болатын. Нұрбек Жаhангерұлындай Елім деген азаматпен қатар жүргенімді мақтан тұтамын.
Енді, Жезқазған облысының басшылары мен «Сарыарқаның жарты патшасы» аталған, «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің Бас директоры Т.Уромовтар біздерден өшін алуға, мұқатуға тікелей кіріскен еді. 1990 жылдың басында, Облыстық партия комитетінің шешімімен «Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің партия комитетін таратты. Мыңжасар Айсауытов Жезқазған мыс қорыту заводына өндірістік-техникалық бөліміне бастық болып тағайындалды. Мен, Жезқазған мыс қорыту заводының сирекметалл цехына бастық болып аустым. Нұрбекке тіптен шүйлікті. Ол басқарып отырған халықтық бақылау комитетін таратып, жұмыссыз қалдырды. Оны аздық көрген басшылар Н.Төкеев кәсіподақ жарнасын уақытылы төлемеді (ол заманда, кәзіргі уақытта да кәсіподақ жарансын жалақыдан бухгалтерия айлықтан ұстайтын) деген желеумен мүшеліктен шығарды. Көрсеткен қиянаттары аз болғандай, екі мәрте партия жиналысына қатынаспағандығы үшін коммунист қатарынан шектетілді. Нұрбек басына түскен қиындықтарға шыдады, ешкімге жалынбады, кешірім сұрамады. Бұндай әділетсіздікті азаматтың төресі ғана көтереді.
Жезқазған қаласындағы алғашқы бейбіт митингі. 1990 жылы мамыр айында Жезқазғандық «неформалдар» (билікке қарсы шыққан топтың атауы) ұймыдастыруымен, қаланың тарихында алғаш рет бейбіт митинг өтті. Айтуға оңай болғанымен, кезекті мәрте жергілікті билікпен текетірес болды. Митингі өткізу штабын құрдық, оны Нұрбек екуіміз басқардық. Штаб мүшелерінің атынан, митинг өткізуге рұқсат сұраған хатымызды жергілікті билікке тапсырдық. Билік әбден әбігерге түскеніне куә болдық. Облыс, қала басшылары бізді күніне екі мәрте шақырып, митинг өткізбеуімізді талап етті. Біз көнбедік. Штаб мүшелері күнде кешкісін бас қосып, ақылдасамыз. Штаб жиналысына қала пркуроры мен атқару комитетінің төрағалары келіп қатынасып жүрді. Митингіге рұқсат бермеуге амалдары таусылған билік өкілдері, митингінің тақырыбын «Жезқазған қаласының экологиялық ахуалы» деп өзгертуді ұсынды. Көндік. Митингі Жезқазған қаласының орталығындағы «Алғашқы құрлысшылар» алаңында өтетін болып келістік. Ұйымдастырушылар тарапынан митингіде сөйлейтіндердің тізімін қала басшысы сұрады, штабта келісіп, сәл өзгертілген тізімді бердік. Жезқазған қаласының башысы М.Көпеев мені өзіне шақырып, митингіде билік тарапынан митингіде сөйлейтін адамдардың тізімімен таныстырды, барлығы 15 адам және митингіні Талдыбай Қаланов жүргізетінін хабарлады. Мен:-Мұха, митингі уақыты 1,5 сағат және дыбыс шығаратын аппараты бар көліктің ақысын төледік, митинг ұйымбастырушы біз, ал оны жүгізетін сіздер. Бұл қалай? Штаб мүшелерімен ақылдаспай келісм бере алмаймын-деп, кетіп қалдым. Штаб мүшелерімен ақылдасып бес адамға рұқсат беруге және митингіні Т.Қаленов және мен жүргізетін болып келістік. Митинг уақытылы басталды, тұрғындар көп жиналды. Сахына төрінде, депутаттық төсбелгілерін таққан Қаз.ССР Жоғарғы Кеңес депутаты Л.Филоретова, Жезқазған облысының депутаты Н.Төкеев, қала депутаттары Т.Кәрсембаев, Т.Шульц, Ж.Сұлтанов, З.Сизова, А.Матишев, А.Нұрлыбаевтар тұрды. Митингіні Т.Қаленов екеуіміз жүргіздік. Митингіні ұйымдастырушылар тарапынан әдепкі сөзді Н.Төкеевке алды, одан кейін Л.Филоретова, Т.Шульц, штаб бекіткен тағы алты адам сөйледі. Билік тарапынан Жезқазған облыстық партия комитетінің хатшысы С.Сапарғалиев, тағы үшеуі сөйледі, бесіншісі сөйлеуден бас тартты. Сөз алғандар билікті қатты сынға алды, кемшіліктер ашық айтылды. Т.Урумовтың жандайшаптары микрофонға ұмтылды, бүлік шығарғылары келді, бірақ біздің жігіттер оған жол бермеді. Митингі соңында штаб мүшелері дайындаған Қауылы қабылданды.
Сол кездегі Жезқазған облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы Е.Ежиков-Бабаханов, өзінің активімен митингі өткізуге рұқсат беруді бірнеше мәрте талқылапты. Рұқсат бермесе Заңды бұзады, берсе көп былықтың басы ашылады. Не істеу керек-дегенде, актив мүшелері екі топқа бөлінген екен. Біріншісі:-Заң шеңберінде өтсе рұқсат беру керек-десе, екінші топ: — митингіде бүлік шығарып, митингіні ұйымдастырушыларды тұтқындауды ұсыныпты. Біздің бағымызға митингі бейбіт өтті. Митингі не берді деген сұраққа:
-
Жезқазған қаласында жаңадан тұрғын үйлер құрылыс басталған 91-ші шағын ауданынан әскери бөлімше (локаторлар) көшірілді;
-
Жезқазған қала аумағынан топырақ, су, өсімдіктер мен ауадан нысандар (пробы) алынып, зиянды химиялық элементтердің құрамы мен мөлшері анықталды:
-
Қаланың орталық алаңына радиацияның молшерін көрсетіп тұратын счтчик Гейгера орнатылды:
-
«Жезқазғантүстіметалл» ғылыми-өндірістік бірлестігі, түскен жеке пайда есебінен, жүздеген еңбеккерлеріне арзан бағамен жеңіл автоколіктер алып берді. Күнделікті пайдаланатын азық-түліктерді дүкендерде талонмен берілетін кезеңде, өндіріс орындарында май, қант, құрғатылған сүт т.б тағамдарды жалақы есебінен беруді ұйымдастырды. Соғым уақытында, қарамағындағы екі совхоздан, қызметкерлеріне жарты бағасына жылқы, сыйр, шошқа берілді.























