Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ
    Айғақ TV

    ЖАҢА ОҚУ КОРПУСТАРЫ АШЫЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.06.2026Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Биыл Шымкентте 7 білім беру нысанының жанынан қосымша ғимараттар пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда нысандарда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, тозығы жеткен 7 мектепте күрделі жөндеу басталған. Аталған нысандарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.  Сонымен қатар, қалада Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 200 орындық ірі перинаталдық орталықтың құрылысы жалғасуда. Қазір нысанның іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр.

    Қалада сондай ақ әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 150 орындық заманауи оңалту орталығы салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Жобаны 2026 жылдың желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал өткен жылы өрттен зардап шеккен Абай ауданы әкімдігінің ғимараты қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Нысан толық жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жабдықталған.

    Сондай-ақ Шымкентте Қала күні қарсаңында жаңа саябақ ашылады. Шымсити шағын ауданында орналасқан, аумағы 18 гектарды құрайтын демалыс аймағының құрылысы 70 пайызға аяқталған. Жалпы шаһарда жоғарыда аталған жобалардан бөлек тағы 51 құрылыс жобасы әзірленіп жатыр. Бұл бастамалар қаланың инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.