Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ сынады. Қаланың 43 медициналық мекемесінен қатысқан мамандар 6 спорт түрінен күш сынасып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұл дәстүрлі дода жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл спартакиадаға қатысушы командалар саны өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Бұл медицина қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығы мен белсенділігінің жоғары екенін, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән беретінін көрсетеді.
Күнделікті өмірлері қарбалас өтетін медицина қызметкерлері үшін бұл жарыс дәрігерлер мен медицина саласының өзге де мамандарының кәсіби қызметтен тыс уақытта сергек болуына, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік берді.Ксм: Жалпы спартакиадада қатысушылар кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика 16 келілік гір тасын көтеру және арқан тарту спорт түрлері бойынша өзара мықтыларын анықтады.