Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі — әлеуметтік сала қызметкерлері болып бекітілген. Осы күнге орай Шымкент қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты іс-шарада арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін №1 ,2,5 және 6 орталығына микроавтобустың кілтін табыс етілді.Мұнан кейін қонақтар әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан қызмет алушы ерекше жандардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарын тамашалады.
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға қызмет көрсетіп жүрген әлеуметтік қызметкерлерде кәсіби білім мен қатар адамгершілік, мейірімділік секілді асыл қасиеттердің болуы маңызды екенін атап өтті. Мәслихат төрағасы саланың бір топ майталмандарын марапаттады.
Жиынға келген қонақтар концерттік бағдарламада “Мәдениет үйінің” өнерпаздарының өнерін тамашалады.