• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте жұмыспен қамту бағдарламасының бес жылдық бағдарламасы түсіндірілуде

16.01.2017
0

Таяуда облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен арнайы екі жұмыс тобы құрылып, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңадан бекітілген бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» насихаттау бағытында құрылған топтар Кентау, Түркістан, Созақ, Шардара, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласында болып, жаңа жобаның жай-жапсарын айтып берді.

Аталған семинар-мәжіліске аудан, қала әкімдері, жетекшілік жасайтын әкім орынбасарлары және ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ, мүдделі бөлім өкілдері (білім, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдері және қаржы институттарының филиалдары), жұмыспен қамту уәкілетті органдарының мамандары қатысты.

Семинар-мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Амангелдіұлы жаңа бағдарламаны міндетті түрде ауыл әкімінен бастап тиісті мемлекеттік мүдделі бөлім қызметкерлеріне дейін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, алдағы уақытта ауылдық округ әкімдері, бағдарламаны іске асыруға жауапты мамандар оның жүзеге асыру тетіктері мен заңнама нормаларын қолдану барысына тестілеу жүргізілуі жоспарланғанын атап өтті.

Сонымен қатар, бірінші орынбасар бағдарламамен бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы бағаланатынын ескертіп, оның жете меңгерілуі үнемі бақылауда тұрғанын жеткізді. Осыған орай, түсіндірме жұмыстары бойынша тиісті нәтиже шығарып, іске асыру үшін жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, аудан, қалаларға жасаған іс-сапарында Д.Сатыбалды бастаған жұмыс топтары жекелеген санаттағы азаматтарға қызмет көрсететін бірқатар әлеуметтік оңалту мекемелерін аралады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жалғасы болып табылатын «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» насихаттау шаруалары осы аптаның соңына дейін жалғасатын болады. Алдағы күндері жұмысшы топ құрамы Түлкібас, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласына барады деп күтілуде.

Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасында» атауының өзі айтып тұрғандай жұмыспен қамтудың нәтижелі көрсеткіштеріне қол жеткізу мен оқыту және кәсіпкерлікке баулу бағыттарына айрықша көңіл бөлінеді.

«Техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету», «Бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» және «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» сынды үш бағыттан тұратын жаңа бағдарлама шеңберінде тек биылғы жылдың өзінде облыста 11 мыңнан астам адамды кәсіби оқытумен қамту көзделуде. Оның 5 мыңға жуығын тегін кәсіби даярлаудан өткізу жоспарланған. Одан бөлек, бағдарлама шеңберінде беріліп келген шағын несиенің көлемі 3 млн.теңгеден 16 млн. теңгеге дейін ұлғайған. Бұл өзгерістер қарапайым халықтың табысын арттыруға үлкен сепігін тигізетіні белгілі. Бұл жұмыстар үшін 2017 жылға республикалық бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлініп, 64,3 мың адамның қатысуы жоспарлануда.

Ал бағдарламаның бюджеттік әкімшілері ретінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар,  білім, кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм, ауыл шаруашылығы басқармалары болып белгіленген.

Еске сала кетейік, бүгінгі күнге дейін жүргізілген бес жылдық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 72 мыңнан астам азамат қамтылып, әлеуметтік қолдауларға ие болған болатын.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.