«АРМАНДА» ҰЛТТЫҚ ФОРУМЫ Шымкентте. Елімізді дамыту, руханиятты кеңейту және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында еліміздің 17 өңірінде іс-шара жалғасын таппақ. Қайырымдылық форумы аясында спикерлер шара қонақтарымен өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі.
Президент Қ.К. Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда «Жастарымыз өткеннің тәжірибесі мен болашақтың көкжиегін сабақтастыра отырып, ұлттық рухымызды заманауи үлгіде жаңғыртып жатыр. Мемлекеттің міндеті – осы оң серпінді сақтау және барынша нығайту. Осы арқылы біз өзіміздің қазақтың ренессансын, өзіміздің реформация дәуірін жасаймыз».-деген болатын. Елімізді дамыту, руханиятты кеңейту және жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында Қазақстанның барлық қалаларында «АРМАНДА» Ұлттық форумы өтуде.
Форумды өткізу еліміздің әрбір тұрғынының өмірін жақсартуға бағытталған қоғамның ең өзекті мәселелерін талқылау алаңы ретінде танытуға қуатты серпін береді. Қаланың көрікті және маңызды жерлерін аралау спикерлерге өзінің миллиондаған аудиториясын әлеуметтік желілер арқылы әр қаланың тарихы мен мәдениетімен таныстыруға мүмкіндік береді, бұл ішкі және халықарарлық туризмге деген қызығушылықты арттыруға көмектеседі. «АРМАНДА» Ұлттық форумы тек арман ғана емес, ол — қозғалыс, әрекет, нәтиже, қуат, көмек, қайырымдылық- дейді — қоғамдағы әйелдің рөлі, гендерлік теңдік, отбасы құндылығы тақырыбын көтеріп жүрген қоғам белсендісі, журналист Ләйлә Сұлтанқызы.
Аталған жоба аясында форумның спикерлері өңірлердегі балалар мен қарттар үйлерін және тағы басқа әлеуметтік мекемелерді аралап, студенттер мен аз қамтылған отбасылармен кездесіп, игі іс жасауға атсалысады.