• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 26, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЭКОТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

24.07.2023
0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды туристік әлеуетті арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы және «Miras Legion» туристік-спорттық фирмасының ұйымдастыруымен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Түркістан таулары» белсенді экотуристік фестивалі өтті. Осыған орай аталған іс-шара 3 бағытта жүргізіліп отыр: тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм кластері. Өңірдің таулы аймақта орналасуы туризмнің әлеуетін арттыруға екпін береді. Соңғы жылдары азаматтардың табиғат аясында саяхаттауға қызығушылықтары арта түскен. Өткен жыл бойында өңірдегі тауларға 75 мың адам саяхаттаса, биылғы алты айдың өзінде олардың саны 80 мыңға жетіп отыр. Жыл соңына дейін 100 мыңнан асады деген болжам бар. Фестивальдің ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, фестивальдің маңыздылығына тоқталды.
— Түркістан облысы туристік әлеуетке басымдық беретін бірден-бір өңір. Өңірге былтыр 470 мың, ал биыл 6 айда 123 мың турист келген. Облыс аумағында 4 ерекше қорғалатыр табиғи нысан орналасқан. Олар: «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркі. Экологиялық туризмді дамыту мақсатында инфрақұрылымдарды жаңарту, жөндеу және саяхатшыларға арналған қонақжайлар салу үшін қажетті жерлерді бөлу жұмыстарын белсенді түрде жүргізудеміз. Бұл өз кезегінде экотуристерді еселеп арттырады. Жуырда туризм саласының өкілдерімен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Онда көтерілген мәселелер сарапталды. Осылайша, өңірдің туризм саласын жан-жақты дамыту міндетін бірлесіп орындаймыз, — деді Бейсен Дәулетұлы.

Тау фестивалін өткізудегі мақсат – ерекше қорғалатын аумақтар мен Түркістан облысының тауларында белсенді экотуризмді дамыту, өңірдің табиғатын насихаттау, экологиялық сауаттылық пен саяхаттау мәдениетін көтеру, адамдарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырып, жаңа орта қалыптастыру. Фестиваль аясында облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай альпинистер таудың шыңын бағындырып, тақтайша орнатты. Бұл бастама Түркістан жұртшылығы үшін ерекше оқиға болғаны сөзсіз.

Фестивальға облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Досалиев, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің бастығы Қалжігіт Қалыбаев тау туризмінің негіздері және қауіпсіздік ережелері туралы, ал алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Қызыл ай» қоғамының өкілдері шеберлік сыныптарын жүргізді.

Фестивальге қатысуға жалпы 2000-нан астам өтінім келіп түскен. Ауқымды шараға бас аяғы 200-дей адам қатысты. Алдын ала жарияланған хабарландыруда көрсетілген шарттарды толық орындаған үміткерлер арнайы бағдарлама арқылы іріктеліп алынған. Басым бөлігі Түркістан облысынан және Шымкент қаласынан болғанымен, еліміздің өзге де аймақтарынан белсенділік жоғары болды. Жас ерекшелігі: 18-60 аралығы.
Екі күнге жалғасқан бағдарламаның бірінші күнінде қатысушылар «Тимбилдинг», «Шатырды құру» , «Таланттар шоуы» секілді командалық және шығармашылық ойындар мен сайыстарда бақ сынаса, гір көтеру, волейбол, бадминтон, фрисби спорттық жарыстарда бәсекеге түсті. Жылдамдығы және шапшаңдығымен үздік атанғандар Түркістан облысы әкімдігінің алғыс хаты және жүлделерімен марапаталды.

Кешкі бағдарламада жастар арасында танымал ойындар ойнатылды. Әрі қарай гитарамен ән айту, би кеші және ашық аспан астында кино көру жалғасын тапты. Екінші күні «Буревестник» алаңына жаяу экскурсиясы жүргізіліп, жастар тауға көтерілді. Қатысушылар арасында суретке түсіру және мобилография бойынша сайыс ұйымдастырылды. Оның нәтижесі 28 шілде анықталып, жеңімпаздар Түркістан қаласында арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, тау-тасы және өзен-көлімен талайды тамсандырған, Түркістан өңірінің табиғатын насихаттайтын мұндай фестивальдер жалғасын табады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.