• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Наурыз 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕДЕ ШЫМКЕНТ ТУРИЗМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

24.05.2023
0

Осы тұста Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық көрмесі өтті. Астана қаласында өтіп жатқан бұл көрме Қазақстанның әр өңіріндегі туризм саласының қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Соның ішінде Шымкент қаласы туристік әлеуеті жыл сайын артып келе жатқан мегаполистер қатарында. Жалпы туристерді қабылдау көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы республикада Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейінгі үшінші орында.

Көрме аясында Шымкент қаласының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы, «Amanat» дизайнерлік киімдер бренді, «Dora» және «Graf» қонақ үйлері және «OCA travel» және «ShymTour» туристік-компаниялары шаһардың әлеуетін таныстырды.

Ал, туристердің келуіне басты себеп, Шымкент қаласынан тікелей бағыттағы әуе рейстердің көбеюі әсер етеді. Мегаполисте ішкі және халықаралық, маусымдық тұрақты рейстер жанданады.Шымкент қаласының әкімдігі және FlyArystan әуе компаниясы Шымкенттен ұшатын жолаушылар үшін әуе тасымалының қолжетімділігін арттыруға бағытталған шарттармен таныстырып өтті.

Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады.

Сондықтан әуекомпания басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастыруда.

Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге болады. Мәселен, Бакуға аптасына 2 рет, Анкараға аптасына 2 рет.

Сонымен қатар шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алады. Бұл рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет орындалады. Осылайша Шымкент қаласына жету әуе жолы бойынша жеңіл болмақ.

Статисикаға көз жүгіртсек, 2019 жылы шаһарға келушілердің саны 249 313 адамды құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 140,1%-ға жоғарылаған.

Өз кезегінде келуші туристердің саны 2020 жылы ғана төмен болды. Оған бүкіл әлемде орын алған Covid-19 әсерінен, қалада карантиндік шектеудің енгізілуімен байланысты.

2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (316 832 адам) 141,6%-ға ұлғайған.

— ішкі туризм бойынша келушілер саны (резиденттер) 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда (302 704 адам) 136,2%-ға артып отыр.

— кіру туризмі бойынша келушілер саны (резидент еместер) 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (14 128 адам) 2,5 есеге ұлғайған.

Шет елден келген туристердің алғашқы ондығы:

  1. 1. Ресей федерациясы (16 110 адам)
  2. Өзбекстан Республикасы (6 624 адам)
  3. Қыргызстан Республикасы (3 682 адам)
  4. Түркия Республикасы (2 372 адам)
  5. ҚХР (1 532 адам)
  6. АҚШ (563 адам)
  7. БАӘ (381 адам)
  8. Беларусь Республикасы (368 адам)
  9. Тәжікстан Республикасы (336 адам)
  10. Германия (326 адам)

Статистикалық ақпаратқа сәйкес 2022 жылдың 12 айы бойынша орналастыру орындарында 542 773 төсек-тәулік ұсынылып, 2021 жылмен салыстырғанда (436 042) 124,5%-ға артып отыр.

Төсек-орын (бір жолғы сыйымдылық) саны – 5 516 бірлікті құрап, 2021 жылмен салыстырғанда (5 398 бірлік) 102,2%-ға артып отыр.

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 2022 жылдың 12 айында  8 107 632,3 мың теңгені құрап, 2021 жылмен (5 232 079,1 мың теңге) салыстырғанда155%-ға жоғарылаған.

Қонақ үй қызметкерлерінің орташа тізімдік саны –1 072 (ерлер-401, әйелдер-671) құрайды.

Республикалық көрсеткішке сәйкес,  қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3 орында. Оның ішінде:

— резиденттер (ҚР азаматтары) бойынша 4 орын;

-резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4 орында.

Бүгінгі күні Шымкент қаласында 142 орналастыру орны,  9 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр, 12 сакралды нысан, 11 сауда, ойын-сауық орталығы,5 діни нысан, 18 аквапарк  және 4 табиғи су көзі орналасқан. Аталған нысандардың барлығы дерлік қалаға келетін туристерге қызмет көрсетеді.

Qazaqstan Live Fest 2023 халықаралық шарасында туризм және қонақжайлылық мәселелеріне байланысты екі негізгі блоктан тұратын Travelhub Kazakhstan конференциясы өтті. Бұл іс шара Шымкент қаласының еліміздегі ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады.

Айта кетейік, үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады деп күтілуде.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.