• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Наурыз 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ МАХМҰД САБЫРХАНҒА ПӘТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

24.05.2023
0

Ташкент қаласында  өткен әлем  чемпионатында көк туды көкте желбіреткен Махмұд Сабырхан өткен аптада Шымкентке оралды. Төрткүл дүние көз тіккен әлемдік додада топ жарған былғары қолғап шеберін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, жастар мен спортшының туған-туыстары, жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғаған Махмұд Сабырханды ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жанкүйерлері ерекше құрметпен қарсы алды. Ел мақтанышын күтіп алу салтанатына қала әкімінің орынбасары чемпионға құрмет көрсетіп, жеңісімен құттықтады.

-Қазақстанның әнұраны,көк туы осындай батыр жігіттер чемпион болған кезде көкке көтеріледі. Жеңісті сәттер жастарды жігерлендіреді. Ата-анасымен бірге бүкіл жанкүйер қосыла күтіп алғаны спортшыға күш-жігер береді деп ойлаймын. Алдағы олимпиадаларда да бағы жанып, Махмұд тек жеңіспен орала берсін. Соған бәріміз тілекші болайық,- деді Мақсұт Пернебайұлы

Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.Тұманбаев әлем чемпионатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы өте үздік өнер көрсеткенін және алдағы Азия ойындарында Махмұд Сабырханнан үміті мол екенін айта өтті.

Қоржынға алтын олжа салған спортшы жарыс жолында қарсыластарының барлығын артқа тастап, ақтық сында Өзбекстандық спортшыны рингте 2 рет нагдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді. Еске сала кетсек, осыдан 2 жыл бұрынғы Белград төріндегі чемпионатта күміс жүлдемен оралып көз жасына ерік берген жерлесіміз келесі жаһан біріншілігінде аянып қалмаймын деп сөз беріп еді Уәдесінде тұрды.

— Аллаға Шүкір, міне еліме Әлем чемпионы болып оралып отырмын. Өте қуаныштымын. Жарыстан алған әсерім керемет. Бұл жеңісті мені шынайы қолдаған бүкіл Қазақ еліне арнаймын,- деді Әлем чемпионы

Ең азулы деген былғары қолғап шеберлері қатысқан биылғы Әлем чемпионаты аса тартысты өтті. Махмұд жаһандық доданың айқас алаңында өзінің талантын әлемге паш етті. Ташкенттегі жекпе-жектің шешуші кезеңінде жерлесіміз Өзбекстандық боксшы Ойбек Жураевқа жеңіске жетуге еш мүмкіндік бермей, қарсыласын тізе бүктірді. Сондай-ақ, бұл  жеңіс жеке бапкері Ілияс Оралбековтың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Айта кетейік, құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер, ал жеке бапкеріне 5 млн  теңгенің сертификатын табыстады.

Сондай-ақ, 54 келідегі салмақта қарсыластарын жұдырығымен бағындырған дарабозбен тілдескен едік. Сол сұхбатымызды сіздерге ұсынамыз:

—  Махмұд, жалпы әлемнің чемпионы бұл расында да қазақтың талай мен деген азаматтарының рухын көтерді. Әсіресе, әнұранымызды шырқаған кезде көзіне жас алмаған жандардың қатары кемде-кем. Тіпті спортшылардың өзі жылап жатты. Сіздің чемпион болған кезіңіздегі, дәл осы медальді таққан кездегі сезіміңіз қалай болды?

— Иә, біз бұл әлем чемпионатына қанша уақыт дайындалдық. Естеріңізде болса, мен 2021 жылы Сербияда өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдемен келген едім. Неге алтын болмай қалды екен деп кішкене өкінген болатынмын. Алла қаласа осы күмісті алтын жүлдеге айырбастаймын деп уәде беріп, мақсат қылдым. Сол жылдан бастап еңбек еттім, міне маңдай терім ақталғанына қуаныштымын. Әлем чемпионатындағы сәтке келер болсақ, Ташкентте өткеннен кейін көршілес елге бүкіл Шымкенттік жанкүйерім көшіп келді десемде болады. Дәл бір өз елімде бокстасып жатқандай сезіндім. Жанкүйерлердің қолдауын сезініп, барымды салдым. Ал, Әнұранға келетін болсақ, ол жерде қысқартылып айтылды. Біздер қазақ жанкүйерлерімен бірге аяғына дейін бар дауыспен айтып шықтық. Сол сәттегі сезімді айтып жеткізе алмаймын, көзіме жас келді. Барлығы үшін өте қатты қуаныштымын, рақмет айтамын. Енді Шымкенттің, Қазақстанның атын әлемдік додаларда шығарамын деген мақсатым бар.

— Махмұд Сабырханның туған жері?

— Осы Шымкент қаласына қарасты Маятас деген ауылда 2001 жылы дүниеге келгенмін.

— Бала кезіңізден бері спортқа қызығасыз ба?

— Менің әкемде спортшы, тек күрес түрінен. Ағам және інім үшеумізге кішкентайымыздан үйде күресуді үйрететін. Бір күні ауылымызда мектеп салынып, ішінен бокс үйірмесі ашылды. Сол үйірмеге барайын деп шешім қабылдап, қатыстым. Сол уақыттан бері 1-2 жарыстарға барып медаль тағып келгеннен кейін боксқа деген қызығушылығым артты. Өзіме мен боксшы боламын, үлкен дәрежеге жетемін деп уәде бердім.

— Иә, ауылдың қара баласы көк туды желбіретті, әнұранды шырқатты. Бұл екінің біріне беріле бермейтін бақ. Бұл бақ сізге бұйырды. Жалпы сізді қолдаушыларға айтар тілегіңіз болса және болашақта арман-мақсаттарыңыз бар ма?

— Барша қазақ еліне жанкүйер болып жатқандарыңызға рақмет айтамын. Бокстасқан кезде мен оның бәрін сезіндім. Мен үшін дүғада екендерін айтып жатыр. Аллаға шүкір, мен өте қуаныштымын. Алла қаласа, сенімдеріңізді ақтаймын. Ендігі, мақсатым олимпиада. Сол олимпиаданың алтын жүлдесін қанжығама байлап қайту.

Спортшының бақыты өз жеңісімен еліміздің қыран бейнелі көк туын желбірету, әнұранын асқақтатып әлемде шырқау. Махмұд Сабырхан осы ғаламат сәтімен Ташкентте аяқталған жаһан біріншілігінде мемлекеттік әнұранымызды шырқатып, көк туымызды аспанға желбіретті. Талай белестері бар рухы мықты жігіттерімізге тек сәттілік тілейміз.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.