ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ, ЖАРАТЫТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҒЫНА ІЗДЕНІС КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТТІ.
🔬Биыл гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары, педагогика және түркология салаларында 6 сыйлық бекітілген. Сонымен бірге 75 мемлекеттік ғылыми стипендия беріледі, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.
📌Сыйлықтар мен ғылыми стипендиялар конкурстық негізде келесі бағыттар бойынша тағайындалады:
🔻жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
🔻гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
🔻педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
🔻түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
🔻жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
🔻гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
🔻75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.










