«АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында сұрақтарыңызға көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы жауап береді. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов және «Әділдік жолы» РҚБ филиалының басшысы Айжан Кесебаева азаматтарды қабылдап, кеңес беретін болады.
Егер Сізде көлік, жолдарды салу, пайдалану және күтіп ұстауға байланысты сұрақтарыңыз болса 8 747 741-76-28 номері арқылы WhatsApp қосымшасына жолдауыңызды сұраймыз.
«Аntikor ortalyǵy» (Қазыбек би көшесі, 3) ғимаратына келіп, кеңес алуға шақырамыз.
Қабылдау уақыты: сағат 15.00 және 17.00 аралығы











