• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Beeline ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН LTE-мен ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ҚОЛҒА АЛУДА

08.09.2022
0

2022 жылы Beeline компаниясы елдің барлық өңірлерін 4G байланысымен  қамтамасыз етуге үлкен бағыт алды. Осылайша, “LTE everywhere” жобасының арқасында Түркістан облысындағы көптеген елді мекендерде желі сыйымдылығы мен таралымы арта түсті.

Жыл басынан бері сапалы мобильді байланыс облыстың бірқатар маңызды объектілері мен аудандарында пайда болды. Жаңа базалық станциялар орнатылғанның арқасында желінің өткізу мүмкіндігі кеңейіп, енді байланыс А2 (бұрынғы Алматы тас жолы) мен Р32 (жаңа Алматы тас жолы) — республикалық маңызы бар жолдарда пайда болды. Бұдан басқа, жоғары жылдамдықты мобильді интернет Түркістан қаласында, “Керуен сарай”, Қайнарбұлақ т/а ауданы мен Ынтымақ-2 шағын ауданында да қолжетімді болды.

Сурет: ашық дерек көздерден алынған

Түркістан облысының 12 ауыл тұрғындары енді жұмыс жасау, білім алу және демалу үшін үздіксіз 4G желісін пайдалана алады. LTE желісіне мына елді мекендер қосылған: Жаңадала, Әлкен Оспанов, Қарақай, Қараой, Бәйтерек, Жамбыл (Жетісай ауданы); Рыскүл, Мақталы, Көксағыз (Түлкібас ауданы); Көлтоған (Ордабасы ауданы); Таскескен (Тегісшіл а/о) мен Кентау қаласы, Жібек жолы а/о, 30 разъезд, Жүсіпов к., 3А үй.

Beeline компаниясы өзі бастаған “LTE everywhere” бағдарламасынан бөлек мемлекеттік маңызы бар “250+” жобасына да қатысуда. Оның аясында Қазақстанның шалғай жерлерінде тұрақтаған 1500-ден астам елді мекен оператордың байланысына қосылған.

«Біз елдегі желіні үнемі дамытып, байланыс сапасы мен инфрақұрылымның сенімділігін арттырудамыз. 2021 жылмен салыстырғанда Түркістан облысындағы абоненттеріміздің мобильді интернетті тұтынуы 14 пайызға өскен. Ендігі жоспарымыз 4G желіні кеңейтіп, бұл жұмысты келесі жылы да жалғастыру», — дейді Beeline-ның Шымкент қаласындағы техникалық бөлімінің бастығы Нұркен Өмірзахов.

Сондай-ақ, компания өкілдері 5G-ге қосылуды қашан күтуге болатыны жайлы түсініктеме берді. Техникалық бөлім басшысының айтуынша, бұл ұялы байланыс стандарты корпоративтік бизнеске қолайлырақ. Ал жеке адамдар үшін бұл көрінгендей тиімді емес — мұндай жылдамдықта трафик пен теңгерім тез жұмсалады, нәтижесінде,  теңгерімді айына бірнеше рет толтыруға тура келеді. Сондықтан компания санаулы адамдар үшін қолжетімді 5G қарағанда барлығына қолжетімді 4G жақсы деген ұстанымға келді.

Компания деректері бойынша, бүгінгі күні Шымкент тұрғындарының 80% мобильді интернетті пайдаланады, Түркістан облысы бойынша бұл сан 77% құрайды.

Сондай-ақ, Beeline ақпаратына сәйкес, соңғы жылдары абоненттер трафикті көбірек пайдалана бастаған. Бұл дегеніміз, желідегі жүктеме де айтарлықтай артқан. Ал желі жүктемесіне сай сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін, компания өз желісін дамытуға ұдайы инвестиция құйып тұрады. Тек 2021 жылдың өзінде Beeline Қазақстан өзінің 10 миллион абоненті сапалы және қолжетімді байланыс пен интернетті пайдалана алуы үшін 58 миллиард теңге мөлшерінде инвестиция құйған.

Бұл ретте Қазақстан интернеті арзан 10 елдің қатарына кіретінін де айта кеткен  жөн. Ал елдегі мобильді интернетті тұтыну әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда  шамамен 50% жоғары екен.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.