• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАННАН ҚОСТАНАЙҒА 72 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

06.09.2022
0
   
      Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен және «AMANAT» партиясы Түркістан өңірлік филиалының ұйымдастыруымен Қостанайдағы апатқа байланысты 72 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Азық-түлік өнімдері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар және төсек жабдықтары Мақтаарал ауданы, Арыс және Түркістан қалаларында орналасқан қабылдау пункттерінде жиналған.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тиісті көмекті үйлестіру жөнінде тапсырмасына сәйкес
облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев ел аманатын шығарып салу шарасына қатысып, аталған бағыттағы жұмыстар жайында баяндады.
    — Қостанайдағы төтенше жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов филиалдарға тапсырма жүктеп жедел әрекетке көшті. Облыстық партия филиалы жанынан ашылған қабылдау пункті 4 қыркүйектен бастап гуманитарлық көмектер қабылдауда. Алғашқы күннің өзінде қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттармен қамтып үлгерді. Бірнеше жыл бұрын өңірімізде орын алған төтенше жағдайда ел бірлігі мен нақты көмектерді көрдік. Жақсылыққа екі есе жақсылықпен қайыруға тырысатын халықпыз. Бір тәуліктің ішінде Мақтаарал ауданы, Арыс және Түркістан қалаларынан жалпы 4 жүк көлік гуманитарлық көмек жиналып, Қостанайға жолға шықты. Осы істерге атсалысқан азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Төтенше жағдай тұрақталғанға дейін гуманитарлық көмектерді ұйымдастыруды жалғастырамыз және барша түркістандықтарды игі бастаманы қолдауға шақырамын, — деді Бейсен Дәулетұлы.
       Өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтарының» ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтардың, шағын бизнес өкілдерінің демеушілігімен жиналған қажетті заттар ішінде 3,4 тонна ұн, 1500 келіге жуық макарон өнімдері, 70 қап картоп, 500 келіге жуық күріш, 1000 литрден аса пісте май, 900 консервіленген банка және өзге де азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар жолға шықты.
       «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы мен жергілікті әкімдік, жұртшылық бірлесіп 1 жүк    көлігін жөнелтсе, Арыс қалалық филиалы мен қалалық әкімдік, жомарт жандар тарапынан 2 жүк көлігіне көмекке қажетті заттар тиелді. Ал облыс орталығы Түркістан қаласындағы 1 жүк көлігі бірінші кезекте пайдалануға керекті құрал-жабдықтармен қамтылды.
Гуманитарлық көмекке бірқатар мекемелер де өзіндік үлесін қосты.
        Атап айтқанда, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова бастаған қолдау тобы 400 дана көрпе-төсек жеткізді. Сондай-ақ 500 мұғалім 1 күндік жалақыларын «Biz birgemiz» қорына аударды. Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері де киім-кешек, азық-түлік тауарлары және жеке қолданысқа қажетті заттармен толықтырды.
Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу «Жастар Рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының белсенділеріне жүктелді. Өңірдің 10 белсенді жасы апатты қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетеді.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.