Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды БОРТ N1 телеграм каналы.
Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады.
Сонымен қатар, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты.










