Қостанай облысында болып жатқан өртке байланысты «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады, деп жазды аталған партия төрағасы Ерлан Қошанов Фейсбуктегі парақшасында.
«Қадірлі отандастар!
Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат баршамызды алаңдатып отыр.
Жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.
Бүгін партия мүшелері мен «Жастар Рухы» қатарынан волонтерлер жасақталып, апаттан зардап шеккен тұрғындарға барынша көмек көрсететін болады.
Бұдан бөлек «AMANAT» партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылады.
Жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейміз. Біз қостанайлықтармен біргеміз және бұл сынақтан бірге өтеміз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп жазды Ерлан Қошанов.
inform.kz










