Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.
Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын.
Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы керек», — деді Президент.










