• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ө.ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ

31.08.2022
0
Возможно, это изображение 1 человек, сидит и стоит

 

Құрметті Түркістан жұртшылығы!

Ардақты әріптестер!

Тарихы тереңде жатқан Түркістан қаласы осыдан төрт жыл бұрын облыс орталығы болып, Түркістан облысы құрылды. Жаңа облыс орталығын ел таңданатындай тамаша шаһарға айналдыру үшін жүйелі жоспарлар мен межелі мақсаттар түзілді. Қызу құрылыс, қайнаған тіршілік басталды. Дәл сол сындарлы сәтте менің мойныма жаңа облысты басқару жауапкершілігі жүктелді. Бұл – мен үшін саясаттағы келесі бір қадамым ғана емес, осы топырақтың тумасы ретіндегі перзенттік парызымды өтеуге берілген мүмкіндік еді. Бірнеше облыстар мен жауапты министрліктердегі тәжірибем мен туған жерімнің қолдауы осы қызметте еңбек етуге жол ашты.
Ең алдымен Түркістан қаласын Түркі жұртының рухани-мәдени орталығына айналдыру бағытында жан аямай еңбектендік. Қаланың тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа бейнесін қалыптастыру – алға қойған алғашқы мақсатымыз болатын. Осы рухани шаһардың топырағында дүниеге келген мен үшін бұл жұмыстарды атқару – зор мәртебе болды. Қазіргі таңда Түркістан еліміздің ғана емес, күллі Түркі дүниесінің рухани жауһарына айналып, әлем көз тіккен ажарлы шаһарға айналды.
Әрбір пендеге жаратқан өзі көтере алатын сынақ береді. Сонда да тағдыр сынына шыдамай, сынып кетіп жатқандар қаншама. Біз бүгін бұл дәлелденген әңгімені жеке адамның емес, тұтастай бір өңірдің тағдырына байланыстырып айтып отырмыз. Себебі менің облыс әкімі болып тұрған уақытым біздің облыс үшін аса ауыр кезеңдермен тұспа-тұс келді.
Арыс, Мақтааралда болған төтенше жағдай кезінде ел болып еңсердік. Үкімет тарапынан қолдау болды. Ол үшін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Үкімет басшылығына алғыс айтамын.
Түркістанды түлету, өңірдің дамуы жолында қолдан келгенше тер төктім. Еңбекке халық баға береді. Әкім ретінде де, осы елдің ұлы ретінде де экономиканы көтеріп, руханиятқа серпіліс болатындай дүние жасадық деп ойлаймын.
Облыс орталығының аптап ыстық климатын өзгерту жолында «Жасыл белдеу» жобасы, қаланы суландыру жобасы, тұрғын үйлер санын ұлғайту –Түркістанның тұрғындары мен қала қонақтарына қолайлы қала болуы үшін жасалған көп жылғы жоспар.
Түркістанда дүниеге келіп, Түркістанды жаңа дәуірде басқаруды маған Жаратушыдан бұйырған бақ деп санаймын. Менің облыс басшылығына келген 3 жыл, 6 ай уақытым Сіздердің көз алдарыңызда өтті. Ақылдасып, кеңесе отырып жемісті жұмыс атқардық деп ойлаймын. Облыс әкімдігінде бірге қызметтес болған барша әріптестеріме, облыс жұртшылығына осы жемісті, тың тәжірибеге толы жылдар үшін айрықша алғыс айтамын.
Қызметке алғаш келген күннен бастап алдымда қысқа мерзім ішінде Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру міндеті болды. Дегенмен, облыстың басқа да мәселелері назардан тыс қалған жоқ. Назарға алынып, стратегиялық шешімдер қабылданды. Ауқымды жұмыстар атқарылды. Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Ауыз су, табиғи газбен және ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілді. Экологиясы жақсарып, қала аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды. Тұтастай 100 мың адамға арналған көпқабатты тұрғын үй салынды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 есеге өсім, 2 трлн. теңгеден асты.
Экономикаға тартылған инвестиция 2 есеге артып, 660 млрд. теңгеге жетті.
Түркістанды дамыту өз кезегінде құрылыс жұмыстарының қарқындап өсуіне, қосымша жұмыс орындарының ашылуына оң ықпал жасады. Қанағатты жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 87%-ды құрап, республикада жоғары көрсеткішке ие болды. Бюджет көлемі 2 есеге көбейіп, 1 трлн. теңгеден асты. Арыс қаласы мен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайларды қайта қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды. Бұл қысқа мерзім ішінде қол жеткізген үлкен жеңіс деп ойлаймын.
Жаңа әкімге қызметіне сәттілік тілеймін.
Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының бастаған “Жаңа Қазақстан” құру жолында жауапкершілікпен табысталатын қызметтерді абыроймен атқарып, игілікті істер жалғасатынына сенемін. Облыстың даму үдерісі бәсеңдемей, барлық межені бірге бағындырайық. Қазақстанымыз мәңгі жасап, Түркістанымыздың мәртебесі асқақтай берсін!
Өмірзақ ШӨКЕЕВ
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.