Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
Дархан Амангелдіұлы 1974 жылы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып үшінші мегаполистен сайланған болатын. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек етіп келді.









