Спорт — мемлекет мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Қазақстандық спортшылар халықаралық, Олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетіп келеді. Бұл елімізде спорт мәдениетінің жоғарғы деңгейде қалыптасуының көрінісі. Мерекеге орай, Шымкент қаласында спорттық фестиваль шымылдығын түрді. ҚР Мемлекеттік Әнұранымен бастау алған шараға қала әкімінің орынбасары қатысып, бұқараны спорт күнімен құттықтады.
«Брусья fest» атты спорттық-бұқаралық фестиваль барысында еліміздің спорт саласына еңбегі сіңген ел азаматтары түрлі дәрежедегі мадақтамалармен марапатталып, арнайы төс белгілерге ие болды. Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында өткен шараға 300-ге жуық қатысушы қатысып, бақ сынасуда. Соның бірі 15-25 жасқа дейінгі топта сыналатын спортшы — Рахымжан Бақытжанұлы.
Фестивальге келгендердің ең жасы 15-те болса, ең үлкені 61 жастағы Александр есімді азамат. 3 санат бойынша бақ сынасқандардың ішінде 9 жеңімпаз анықталып, 50 000 мен 150 000-ның арасында ақшалай жүлдеге ие болып, медальмен марапатталатын болады.