• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 21, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 7 АЙДА МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

19.08.2022
0

     Түркістанда Спорт күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Түркістан-Арена» стадионында өткен іс-шарада облыс спортшыларының жеңіп алған жүлделерінің көрмесі жұртшылық назарына ұсынылды. Әлемдік деңгейдегі кубоктар мен медальдар көрсетілді. Жалпы биыл 7 ай көлемінде Түркістан облысының спортшылары жалпы саны 1000-ға жуық медаль олжалап, бұл көрсеткіш бойынша республикада алдыңғы қатарда келе жатыр.

   Салтанатты жиында биыл республикалық және халықаралық додаларда жеңіске жеткен спортшыларға және білікті бапкерлерге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сонымен бірге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдары өз иелерін тапты. «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, бір топ спортшы мен сала үздіктеріне партия филиалы атынан Алғыс хаттар тапсырды. Сондай-ақ облыстық мәслихат пен мәслихат хатшысының Алғыс хаттары да спортшылардың мерейін үстем етті.

  Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшылар мен бапкерлердің еңбегін жоғары бағалап, өңірде спорт саласы қарқынды дамып жатқанын атап өтті. Бірқатар чемпион мен бапкерге, осы салада қызмет етіп жүрген азаматтарға марапат тапсырып, құрмет көрсетті. Мерекелік іс-шарада жас спортшылар стадион төрінде өз спорт түрлері бойынша жаттығулардан үзінді көрсетсе, бишілер тобы да өз өнерлерін көрсетті. Әншілер патриоттық әндерді шырқады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде спорт нысандары көбейіп келеді. Бюджет есебінен де, жеке кәсіпкерлер қолдауы арқылы да спорт кешендерінің саны көбейіп жатыр. Түркістан қаласының өзінде аз ғана уақытта «Түркістан-арена» стадионы, олимпиадалық резервін даярлау орталығы, «Olympic Center» кешені, халықаралық теннис орталығы ашылды. Қазіргі таңда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені, «Мұз сарайының» құрылысы жүріп жатыр. Ескек есу базасы, атшабар да ашылатын болады.

   Нөмірі бірінші спорт түрі футболға мән беріліп, облыстың екі командасы премьер-лигада ойнап жатыр. «Тұран» академиясының жастары Қазақстан чемпионы атанып, чемпиондар лигасына жолдама алды. «Томирис- Тұран» командасы да чемпиондар лигасында өнер көрсетуде. Осы жылдың 7 айында облыс спортшылары спорттын 59 түрі бойынша ел чемпионаттары мен бірішіліктеріне қатысып, 707 медальге кол жеткiздi. Оның 290-ы – алтын. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 168 (101 алтын, 40 күмiс және 27 қола) медальге қол жеткізсе, әлем чемпионаттары мен кубоктарында жалпы 53 (20 алтын, 22 күміс және 11 қола) медальге ие болған. Өңір спортшылары командалық додалар мен спартакиадаларда үнемі үздіктер қатарынан табылып жүр. Биыл журналистер спартакиадасы, былтыр «Ақ бидай» ауыл ойындарында топ жарды.

   Жыл басынан бері Түркістан өңірінің 5 спортшысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанса, 87 спортшы ҚР спорт шебері нормативін орындаған. 214 сайыпқыран спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне жетіп отыр. Бүгінде облыста дене шынықтыру және спортен шұғылданатын тұрғындар саны 764 мың адамға жетті. Бұл – облыстағы жалпы халықтың 36,7 пайызы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

ӨЗБЕКСТАН: ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫ – САМАРҚАН

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Самарқан – туризмнің отаны. Көне тарих пен өркениеттің алтын бесігі саналатын бұл шаһар ғасырлар бойы Ұлы Жібек жолының бойында орналасып,...

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

ӨЗБЕКСТАН: ТУРИЗМ ДАМЫҒАН КӨНЕ ҚАЛА — БҰХАРА

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Қазақстан мен Өзбекстан – тарихы тамырлас, тағдыры сабақтас, мәдениеті мен руханияты үндес қос халық. Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек географиялық...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.