Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін күрделі жөндеуден өтіп жатқан №11 жалпы орта мектебі , №50 мектеп-гимназиясы және № 107 мектеп лицейлерін аралады.
Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ішкі бөлмелері сыланып, есік, терезе, электр жүйелері жаңартылуда. Қосымша су жаңа 500-ноутбук, 150 компьютер, 100 планшет сатып алынды. Мұнда күрделі жөндеу жұмыстарының 65%-ы біткен.
Ал, Навои атындағы №11 жалпы орта мектебі осы кезге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Биыл шатырынан бастап, есік, терезе, еденіне дейін толық жаңартылды. Жылу жүйелері 100%-ға ауыстырылып, жаңа қоршау салынды. 250 ноутбук, 100 компьютер, 10 панель сатып алынды. Әзірге жұмыстың 85% орындалып үлерген.
Сайрам тұрғын алабындағы Ю. Сареми атындағы №107 мектеп-лицейі бүгінде күрделі жөндеуден өтуде. 11 жыл бұрын ауыстырылса, шатыры мен бірнеше есік-терезесінің қойылғанына 8 жыл болған. Биыл ғимараттың тозығы жеткен тұстары бүтінделіп, шатырының 955 щаршы метрі ауысты, электр жүйелері 100%-ға жаңарды. Жалпы білім ошағы жаңа оқу жылына 90%-ға дайын.
«Құрылысты мерзімінде тапсыруға асығамыз деп, сапаны естен шығармайық»-дейді қала әкімі.