Шымкентте көрме орталығы қайта ашылды. Қаңтар оқиғасында қабырғасы қирап, қаңқасы қалған ғимаратты қайта тұрғызуға 718 млн теңге қаржы кеткен. Қайта түндігін түрген орталықта «Шымкент өркениеті» атты салтанатты жиын аясында роботтар көрмесі бастау алды.
Көрме орталығы 2013 жылы кәсіпкерлікті дамыту үшін ашылған болатын. Кәсіпкерлерлің игілігі үшін салынған мекеменің артықшылығы сол, олар көрме аралап, шекара аспайды. Керек тауарын осы орталықта көріп, зерттеп, сосын сатып алады. Осы уақытқа дейін аталмыш мәдени нысанда түрлі салтанатты іс-шаралар мен семинарлар, бас қосулар өткізіліп келеді. Дегенмен алты айлық үзілістен соң, алғаш рет лентасы қиылып, қоғамға танымал мәдениет өкілдері қатысып, қонақ болды.