Елбасы Н.Ә.Назарбаев республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойғаны баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Бүгін 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойларына орай, жаңадан салынған Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық Қабылсай атындағы жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған. Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі