• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ИРАНДЫҚТАР ТҮРКІСТАН ӨҢІРІМЕН ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУҒА МҮДДЕЛІ

12.08.2022
0

    Түркістанға Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Маджид Самадзаде Сабер жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Азиядағы ірі мемлекеттің өкілімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитов кездесіп, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту жөнінде пікір алмасты. Алдымен елшіге Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуеті, экономикалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері таныстырылды.

     – Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы байланысты одан сайын нығайтады деп сенемін. 2018 жылы 18 маусымда Түркістан облысы құрылды. Түркістан қаласының облыс орталығы атануы шаһардың дамуына, инвестиция тартуына серпін берді. Өткен жылы облысқа тартылған инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал жалпы облыс құрылғалы бері инвестиция көлемі 5 млрд. АҚШ долларына жетті. Өңіріміз индустриалды-аграрлы аймақтар қатарына кіреді. Азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруда облыс еліміз бойынша екінші орында тұр. Уран қоры бойынша – бірінші орында. Туризмді негізгі табыс әкелуші салаға айналдыру бағытында жұмыс жүріп жатыр. Облысқа 1,5 млн. саяхатшы келді, өңірге келушілер санын 5 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ирандық инвесторлармен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс атқаруға, оларға мүмкіндіктер ұсынып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деген Арман Сабитов Иранда тұратын ясауитанушы ғалымдарды Қожа Ахмет Ясауиді зерттеу бағытында Түркістанда өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырды. Өз кезегінде Иран елшісі жуырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға сапары барысында 21 маңызды құжатқа қол қойылғанын, екі мемлекет арасында байланыс жаңа сатыға көтерілгенін атап өтті. Түркістан қаласындағы заманауи құрылыстарға жоғары бағасын беріп, осы өңірмен байланысты күшейтуге мүдделі екенін айтты.

       – Түркістан қаласына кеш түсе келсем де, шаһардың біраз бөлігін аралап үлгердім. Бұған дейін Қазақстанның бірнеше қаласында болғам. Түркістанның өзіндік ерекшелігі бар екен. Иран мен Қазақстан өзара тауар айналымын 3 млрд. долларға жеткізуді көздеп отыр. Қазіргі таңда ол көрсеткіш – 400 млн. АҚШ доллары көлемінде. Қазақстанның бірқатар өңірімен байланыс орнатылып, жұмыс жүріп жатыр. Енді Түркістан облысымен де іскерлік, экономикалық, мәдени қарым-қатынасты жандандырғымыз келеді. Иран инвесторларымен кездестіруге, іскерлік басқосулар ұйымдастыруға дайынбыз. Түркістанда өтетін форумдар, көрмелер мен жиындарға да делегациялар жіберіп тұра аламыз. Әсіресе ауыл шаруашылығы, кен игеру бағыттарында Иранның тәжірибесі бар. Мәселен біз жүгеріні Бразилиядан импорттаймыз. Сол дақылды Қазақстанда, оның ішінде Түркістан облысында өсіріп, сатып алуға болады. Қазір Қазақстанның жүгерісі тек ішкі нарықтарыңызға ғана бағытталып отыр. Жалпы Иран – үлкен нарық. Ол нарыққа ену сіздер үшін де тиімді екені анық. Түркістанмен тікелей әуе рейсін орнату мәселесін де талқылауға болады, туризм саласы бойынша да әріптестік орнатуға мүмкіндік мол, – деді Маджид Самадзаде Сабер.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.