1 қыркүйектен бастап күнделікті №86/85 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент» пойызы қатынайды, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 «Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы қатынайды.
Сондай-ақ, 5 қыркүйектен бастап №71/72 пойыздың «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент» бағытындағы қатынасы өзгереді.
«Атырау-Алматы» бағыты бойынша:
-
1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн ара қатынау кезеңділігімен №29/30 «Атырау-Алматы-2» коммерциялық пойызы жүреді;
-
3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 «Алматы-2-Атырау» пойызы күн ара қатынау жиілігімен тағайындалады.
Басқа бағыттар бойынша:
-
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №10/9 пойыздың «Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1» бағытындағы қатынасы өзгереді;
-
Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №73/74 «Алматы-2 – Жезқазған» жедел пойызы құрамында Тальго вагондары (стандартты вагондардың орнына) күнара жиілігімен жүреді;
-
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінен бастап №69/70 «Алматы-2-Өскемен-1» Тальго коммерциялық пойызының жүрісі тоқтатылады.











