• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Тамыз 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМБАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

28.07.2022
0

   Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Кентау қаласындағы жұмыс сапарында кенді шаһардағы тәлімбақты қалпына келтіріп, жаңа демалыс және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы. Тәлімбаққа арнайы барған өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, кезінде Кентаудың мақтанышы болған бауды қайта жайқалту жөніндегі өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қала әкімі Рашид Аюпов жобаның мәні мен маңызы туралы баяндады. Ұсыныстарды тыңдаған Өмірзақ Шөкеев бұл жобаға қолдау көрсетілуі тиіс екенін жеткізді.

   – Ұсыныс зерделеніп, тиісті шешім қабылданады. Қаланың атмосферасын жақсарту, жасыл желекті молайту бағытындағы бастамаларды қолдаймын, – дей келе жауаптыларға бауды иелікке алу, оған қажетті жоспарды бекіту және қажетті қаржы көлемін анықтау жөнінде тапсырма берді.

    Қазір арнайы суғарылмаса да, ағаш мол өсіп тұрған бауға су көзін тарту, инфрақұрылымын жасақтау бағытындағы жоспарлар зерттелетін болды. Арнайы мамандардың көмегімен аталған тəлімбақтың маңайында өскен ағаштардың қазіргі жағдайын зерттеп, ауырған ағаштарды емдеп, тыңайтқышпен қамтып, жайқалту көзделіп отыр. Кеңес заманында мұнда 150 түрлі ағаш көшеттері өсірілген екен. Алдағы уақытта сол даңқын қайта жаңғыртып, сәндік және жеміс ағаштарын молайту жоспарда бар.

    Жалпы облыс әкімінің тікелей қолдауымен Кентауда инфрақұрылым, газбен қамту, су мәселелері ретімен шешімін тауып келеді. Кентау қаласы орталықтандырылған ауыз сумен 100% қамтылған. 7 елді мекен тәулік бойы 24 сағат ауыз сумен қамтылса, Ащысай ауылына кестемен 12 сағат уақытпен берілуде. Осы аумақты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін құны 68,2 млн. теңге болатын сметалық құжаттамалары дайындалып, қаржы қарастырылып, жұмыстар басталған. Кентау қаласындағы кәріз су сорғы станциясын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінді. Бүгінде мердігер мекеме анықтауға мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

    «Кентау қаласындағы кәріз су тазарту станциясы мен су тазарту құрылымдарының құрылысы» жобасын іске асыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленуде. Жоба іске асқан жағдайда қала тұрғындары толыққанды кәріз жүйесіне қосыла алады және қаланың кіреберіс жеріндегі жағымсыз иіс мәселесі шешіледі.

    Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Нысан 2023 жылға өтпелі. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен Кентау қаласын дамытуға 1,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, ол Кентау қаласын абаттандыру жұмыстарына, «Жастар», «Кенші» саябақтарын реттеуге жұмсалуда. Жылу жүйелерін жөндеуге, көмір сатып алуға, магистралды және газ таратушы (АГТС) желілеріне техникалық қызмет көрсетуге де аталған қаржыдан тиісті қаражат бағытталып отыр.  «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 2 елді мекенде 13 жоба іске асырылуда. Қарнақ елді мекенінде 10,8 шақырым болатын 10 көшеге 96,9 млн. теңге қаралып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы облыс орталығының Түркістан қаласына ауысуы Кентаудың дамуына үлкен серпін беріп отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.