Түркістан облысы әкімінің өкімімен Ордабасы ауданы әкімі болып Нұрбек Бадырақов тағайындалды.
Нұрбек Бадырақов Бақтыбайұлы 1988 жылдың 11 маусым күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында дүние келген.
2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің су ресурстары және суды пайдалану бакалавры мамандығы бойынша дипломын алды.
2011 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп ауыл шаруашылық ғылымдарының магистрі мамандығын алды.
2012 жылы Қазақстан Халықтар Достығы университетін бітіріп құқық бакалавры мамандығын алды.
2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының статист қызметінен бастаған. Ол әр жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының жетекші маманы; Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы; облыстың ауыл шаруашылық басқармасы егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің бастығы; Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің басшысы; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрінің кеңесшісі; «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ, Еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін талдау және дамыту департаментінің Бас менеджері; Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутатының көмекшісі; Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысы; 15.12.2017 – 21.05.2018 ж.ж. Шымкент қаласы әкімінің Аппарат басшысы; 21.05.2018 — 25.07.2018 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке дейін Түркістан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымында болған.










