• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОРДАБАСЫДА ҚАРТТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

25.07.2022
0

   Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірланда аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарар бөлімінің жанынан «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған орталықтың ашылу рәсіміне аудан әкімі Бағлан Батыршаев, аудандық мәслихат хатшысы Қасымбай Әбдіхалық, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.

     — Бүгін қазыналы қарттарымыз бен мүгедек азаматтарымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан орталығы – Темірланда «Шапағат» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылып отыр. Баршаңызды жаңа орталықтың ашылу рәсімімен шын жүректен құттықтаймын. Көңілге түйгені көп қарттарымызға қолайлы жағдай жасау — баршамыздың міндетіміз. Сондықтан абыз ақсақалдарымыздың күнделікті демалысына арнап берілген орталықтың есігі әр кез ата-әжелерімізге ашық болады. Сондай-ақ жүріп, тұруы қиын, қоғамның, айналаның көмегіне мұқтаж азаматтарға да тең қоғам қалыптастыру мақсатында аталған орталық қызмет көрсетеді деп сенемін. Ендеше, жаңа ғимараттың ішінде тек қуанышты күндер мен жақсылығы мол сәттер көп болсын! — деді аудан әкімі өз құттықтауында.

     Мекеме құрамындағы «Тең қоғам» және «Ардагерлер орталығы» ауданда есепте тұратын 5478 мүгедектігі бар азамат пен 11 мыңға жуық зейнеткерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысады.

     Қарттар мен мүгедек азаматтардың игілігі үшін пайдалануға берілген орталық жұмысымен танысқан аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы заман талабына сай жабдықталған ғимараттың аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасайтындығын айтып өтті. Аудан әкімінің айтуынша, мекемеде мүгедектерді тасымалдау үшін инватакси қызметі іске қосылған. Мұнан бөлек, аудандық орталық ауруханамен бірлесе отырып, орталық қызметіне жүгінген азаматтарға түрлі медициналық көмек көрсетілмек.

     «Тең қоғам» орталығы жартылай стационарлық жағдайдағы психоневрологиялық ауытқулары бар, тірек қимыл аппараты бұзылған мүгедектер мен 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға тәуліктің күндізгі 4 сағат уақытында екі ауысым бойынша қызмет көрсетеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға медициналық емес сауықтыру шаралары, психологиялық көмек көрсету арқылы тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға бейімдейді. Сондай-ақ аталған орталық 18 жастан асқан мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес есту аппараттары, қоларба, жөргектер мен төсеніштер және тағы басқа 55 техникалық оңалту құралдарын алуға, таңдауға көмек көрсетіп, жұмысқа орналасуына, құжаттарын рәсімдеуге жәрдемдеседі және құқықтық, психологиялық көмектер ұсынады.

     «Ардагерлер орталығында» егде жастағы зейнеткерлер мен аға буынның өмір салтын жақсартып, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулығын нығайту мақсатында белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық шаралар ұйымдастырылады. Әр 15 күн сайын екі аувсымда 20 адамнан айына 40 азаматқа әлеуметтік және медициналық сауықтыру қызметтері көрсетіледі.

    Жұмыс барысында орталыққа келуші азаматтар әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар мен невролог, медбикенің бақылауында болады. Жоспарға сәйкес күнделікті массажбен ем қабылдайды.

    Аудан көлемінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шегіп дағдарысқа ұшыраған жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік психологиялық қызметтер көрсетіледі.

    Айта кетерлігі, орталықта бильиярд, теннис столы, түрлі жаттығу құралдары, кітап оқу алаңы, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындарымен шұғылдануға мүмкіндік бар. Жан саулығына бірден бір ем болатын тұзды шахта іске қосылған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.