Облыс прокуроры Марат Алихановтың төрағалық етуінде облыс прокуратурасының 2022 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы. Алқа мәжілісін ашып, облыс прокуроры Марат Алиханов ағымдағы жылдың 6 айында облыс прокуратурасы мемлекет мүддесін, азаматтардың құқықтарын қорғауға, аймақтағы қылмыстылық жағдайына және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына басты назар аударылғанын атап өтті.
Көрсетілген мерзімде атқарылған жұмыстар және алға қойылған міндеттер бойынша облыс прокурорының орынбасарлары баяндама жасады.
Облыс прокуратурасымен жүргізілген үйлестіру шараларының нәтижесінде, алаяқтық (7,3%), сондай-ақ интернет-алаяқтық (3,5%) және қаржылық пирамида (66,7) қылмыстары төмендеді.
Сонымен қатар барлық бизнес субъектілеріне қатысты жүргізілген қылмыстық істерге талдау жүргізіліп, заңсыз басталған 7 тергеп-тексеру тоқтатылды, 8 жедел есепке алу істерінің күші жойылды.
Әлеуметтік-экономикалық салада маңызды талдаулар мен тексерулер жүргізіліп, 246 мың тұлғаның құқықтары қорғалды, оның ішінде 13 мың тұрғын табиғи газбен қамтылды, 16 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды, жұмысшыларға 411 млн. теңге жалақы қарыз және бюджетке 667 млн. теңге өндірілді, 1,2 млрд. теңгеге мүлік қайтарылды.
Алқа мәжілісінің қорытындысымен облыс прокуроры басым бағыттарды айқындап, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.