Биыл Шымкенттің Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болғанына 4 жыл толды. Осыған орай,Үшінші мегополисте танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен «Шарықтай бер, Шымқалам» атты ауқымды гала-концерт өтті.Кеште Заттыбек,Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Айгерім Қалаубаева, «Жігіттер тобы» сынды бірқатар белгілі әншілер өнер көрсетіп, қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, шара соңында ұйымдастырылған мерекелік от шашу көңілді кештің көркін қыздырды.
Еліміздің үшінші мегополисі саналатын Шымкент бұл күндері көптеген жетістіктерге жетіп отыр. Мәселен, оңтүстіктегі алып шаһар 2020 жылы ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы атанғаны белгілі. Ал мұндай мәртебеге ие болу үшін қаланың экономикалық мүмкіндігімен қатар мәдени нысандары,тазалығы мен өмір сүруге қолайлылығы секілді бірнеше критерийлер есепке алынады. Аталған шарттардың негізіне сәйкес келіп, ерекше құрметке ие болған шаһардың кескін-келбеті бүгінгі қала күнінде айрықша түске боялды. Шараға жиналған мәдениет өкілдері мен қала тұрғындары әуезді әндерді қосыла шырқап, Шымкентке деген ерекше ықыластарын жеткізді.
Айта кетсек. қала күніне орай Шымкентте жиырмаға жуық мәдени іс-шара ұйымдастырылған болатын. Ал «Шарықтай бер,Шымқалам» жобасы қалада өткен бағдарламалардың қорытынды кеші ретінде қолға алынған. Гала концертте Қазақстан эстардасының жұлдыздары- «Жігіттер тобы», Заттыбек Көпбосынов, Қайрат Нұртас, Маржан Арапбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Медеу Арынбаев, Бауыржан Исаев, Назима сынды бірқатар өнер майталмандары ән шырқап, жаңаша көңіл күй сыйлады. Ал бағдарлама жүргізушілері ретінде тізгінді Ләйлә Сұлтанқызы, Ғазизхан Шекербеков, Нұрсұлтан Құрман мен Айгерім Қалаубаева қолдарына алды.