Биыл елімізде жылдың үлкен саяси науқаны-Жалпыхалықтық Референдум өткені белгілі. Жаңа кезеңнің бастамасы болған өзгерістерді халыққа түсіндіру еріктілер алдындағы маңызды міндет. Себебі саяси шарада ел болашағы таразыға түсті. Осының аясында, Референдум өткізуде белсенділік танытқан қызметкерлер мен бірнеше қоғам өкілдеріне «Аманат» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаты табысталды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер Жаңа Қазақстанға деген бетбұрыстың алғашқы қадамы. Осы орайда, жалпыхалықтық дауыс беру өтіп, әрбір тұрғын ел болашағы үшін өз таңдауларын жасаған болатын. Аталған саяси науханда белсенділік танытқан азаматтардың еңбегі ерекше. Себебі, Референдім өткізу тәртібін заң аясында халыққа жеткізу үлкен міндеттерді жүктейтіні анық. Осы себепті, ақпараттық түсіндіру жұмыстарына белсене қатысқан қоғам өкілдерінің бірқатары бүгінгі марапат иегері атанды. Жиында марапатты «Аманат» партиясының Шымкент қалалық атқарушы хатшысы Жанар Бектаева табыстап, марапат иелеріне алғысын жеткізді.