• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ НАРЫҒЫ. «PETROSUN» ЖШС АҒЫМДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

17.06.2022
0

Қоғамдық диалогтың әртүрлі алаңдарында  «PETROSUN» ЖШС-на  нұқсан келтіретін және заңды атқарып отырған қызметінде әртүрлі керісінше жағынан қабылдауын тудыратын жарияланымдардың жариялануына байланысты  «PETROSUN» ЖШС Компанияның ағымдағы жағдайы мен қызметінің принциптері туралы хабарлайды.

 

  1. Дизель отынының бағасын бір жылда 42%-ға көтерді деген мәселеге:

«PETROSUN» ЖШС өз қызметінің ашықтығы принциптерін негізге ала отырып, атап айтқанда барлық мүдделі тараптарға ұтымды шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ашық түрде уақтылы және толық ұсыну арқылы өзінің бағаларын бірқатар ақпараттық-аналитикалық агенттіктердің басылымдарында апта сайын жариялайды. Компанияның бағаларын мұнай өнімдері нарығындағы ең төменгі баға түрінде, бенчмарк (benchmark) ретінде нарықтың басқа қатысушылары қабылдайды. Жарияланған ақпаратқа сәйкес «PETROSUN» ЖШС 2021 жылдың мамыр айы мен 2022 жылдың маусым айы аралығында дизель отынының бағасын орташа алғанда 21,5%-ға дейін көтерген, оның ішінде акциз бағасының 5%-ға көтерілгені де кіреді. Дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесі 1 тоннасына 35 186 теңгеге көтерілгені белгілі, бұл жерде Компания бағаны 1 тоннасына 10 000 теңгеге ғана көтерген, бұл акциздің жалпы мөлшерлемесінің 28,42%-н құрайды.

 

  1. Мұнай өнімдерін таңдаулы контрагентерге ғана жақсы шарттармен сатты деген мәселеге:

«PETROSUN» ЖШС-да Кәсіпкерлік кодексінің ережелерімен қарастырылған Бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу жағдайларына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жүйесі енгізілуде. 2021 жылы ҚР тауар нарығында мұнай өнімдерін сату бойынша өз қызметін жүзеге асыратын нарық субъектісінің Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісі (бұдан әрі — Комплаенс) қабылданды және ол актіні Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дұрыс деп қабылдаған. Жоғарыда аталған Комплаенсқа сәйкес төменде көрсетілген нарық қатысушыларының қажеттіліктері басым тәртіпте (бірінші кезекте) қанағаттандырылады. Проценттік үлесі бойынша төменде келтірілген статистика нақты жасалған Шарттарға сәйкес қабылданған.

2.1. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін операторлардың қажеттіліктері басым тәртіпте қанағаттандырылады. Оларға көктемгі және күзгі дала жұмыстарын арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әрекет ететін кезеңде Компанияның барлық дизель отыны қорының 30%-на дейінгі мөлшерде ай сайын дизель отыны бөлінеді (сирек болатын кейбір жағдайларды санамағанда). Аталған бағдарлама жыл сайын ақпан айынан бастап қараша айына дейін әрекет етеді және оны бірінші кезекте орындау «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңымен бекітілген.

2.2. Ай сайын Компанияның жалпы дизель отыны мөлшерінің 14%-на дейінгі мөлшері «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ-ның локомотивтік бөлімшелерінің қажеттіліктері үшін бөлінеді.

2.3. Биржалық сауда бойынша сатып алушылар үшін 10% бөлінеді. 2022 жылдың мамыр айынан бастап бензин, дизель отыны мен авиациялық отын тауар биржалары арқылы қайта сатыла бастады.

2.4. Екі және одан да көп облыстарда орналасқан жанар-жағар май стансасы желілерінің қажеттіліктері үшін Компанияның жалпы дизель отыны қорынан ай сайын 21%-ға дейін дизель отыны бөлінеді. «PETROSUN» ЖШС контрагенттерінің қатарынан осы жерде аталған талапқа сай келетін жанар-жағар май стансасы желілеріне «Гелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «RoyalPetrol» ЖШС, «QazaqOil» ЖШС (бұрынғы ҚазМұнайГаз), «GazEnergy» ЖШС және «Газпромнефть» ЖШС-ның жанар-жағар май стансалары кіреді.

2.5. Өнеркәсіптік тұтынушылардың, оның ішінде қала түзуші кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін ай айын 4%-ға дейінгі мөлшерде дизель отыны бөлінеді.

Компанияның жалпы дизель отыны қорының қалған 21%-ы нарықтың қалған қатысушыларының қажеттіліктері үшін бөлінеді, оның ішінде әр аймақтағы мұнай базалары арқылы да сатылады. Бұл жерде, егін жинау жұмыстарына тек оңтүстік облыстар тартылған кезеңде, сәйкесінше, «PETROSUN» ЖШС-на Мемлекеттік бағдарламаны орындау бойынша жүктеме азаятынын, мысалыға 2022 жылғы маусымда 5%-ға дейін азайғанын, сондықтан Комплаенс талаптарына сәйкес басым тізімге кірмейтін нарық қатысушыларының қажеттіліктері үшін Компанияның жалпы дизель отыны қорының 46%-на дейін жіберілгенін атап өту қажет. Нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі ретінде «PETROSUN» ЖШС-ның қызметі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларымен реттеледі және Компания нарықтың барлық қатысушылары үшін мұнай өнімдерін бірыңғай шарттармен және бірдей бағамен сатады.

 

  1. Сатып алушылардың мұнай өнімдерін сатып алу жөніндегі сұрауларына тұрақты түрде мұнай өнімі жоқ деп жауап берді деген мәселеге:

Біздің Компания мұнай өнімдері нарығында мұнай өнімдерін сататын (босататын, бөлетін) жалғыз компания емес. Бізбен қатар, осындай қызмет түрін тағы да бірнеше ұйымдар көрсетеді. Бірақ, «PETROSUN» ЖШС-дағы мұнай өнімдері бағаларының тартымдылығы себебінен мұнай өнімдерін сатып алуға деген сұраныстардың негізгі бөлігі бізге түседі. Бұл ретте, біздің ресурсымыз шектеулі екенін және біз қаншалықты қалап тұрсақ та, мұнай өнімдері нарығының барлық субъектілерінің қажеттіліктерін (сұраныстарын) қанағаттандыра алмайтынымызды айтуымыз қажет. Оған дәлел ретінде 2022 жылдың сәуірі мен мамыры аралығындағы статистиканы көрсетеміз:

  • Осы аралықта 980 495 тонна дизель отынын сатып алуға сұраныс түскен;
  • Ал осы аралықта «PETROSUN» ЖШС үшін мұнай өңдеу зауыты жалпы көлемі – 573 112 тонна дизель отынын өндірген.

Осы мәліметтен «PETROSUN» ЖШС-на дизель отынын сатып алу үшін хабарласқан субъектілердің сұраныстарын қанағаттандыру мүмкін еместігін көруге болады. Сонымен қатар, «PETROSUN» ЖШС мұнай өнімдерін сату-сатып алу бойынша 2000-нан астам контрагенттермен шарт жасасып қойғанын да ескеру қажет.

 

  1. Компанияның қызметі ашық емес, заңсыз деген мәселеге:

4.1. Мұнай өнімдерінің нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъекті ретінде Компанияның қызметіне ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің тарапынан, сондай-ақ Агенттіктің орталық аппараты тарапынан да тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

4.2. 2022 жылдың қаңтар айы мен сәуір айы аралығында Компанияда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттіктің тарапынан бірқатар тексерулер жүргізілген және кейбір тексерулер әлі де жүргізілуде.

4.3. «PETROSUN» ЖШС ашық ұйым болып табылады және оған Компания сайтының форматы мен мазмұны дәлел бола алады. Компанияның ішкі саясатымен қарастырылған «PETROSUN» ЖШС қызметінің барлық нормалары, шарттары мен ережелері Компанияның сайтында жарияланған және нарықтың барлық қатысушылары үшін бірдей ереже болып табылады.

 

  1. «PETROSUN» ЖШС мұнай өнімдерінің нарығына қатысушыларға және жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік жауапкершіліктерінің жоқтығы деген мәселеге:

5.1. Бұл жерде Компания ауылшаруашылығы жұмыстарын арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі және жылыту маусымына қажетті мазутпен қамтамасыз ету жөніндегі барлық мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы және толық көлемде орындап келе жатқанын айтуымыз қажет.

5.2. 2022 жылдың қаңтар айы мен мамыр айы аралығында «PETROSUN» ЖШС Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газының бағасын мемлекеттік реттеуді енгізгеннен кейін сұйытылған газбен жабдықтаушы ұйымдардың электронды сауда арқылы 2021 жылғы желтоқсанда Компаниядан сатып алған газ көлемдерінің шығындарын өтеу жөніндегі үндеуіне ерікті түрде ат салысып, тиісті шараларды қабылдағанын және көрсетілген өтемақыны есептеу бойынша жергілікті атқаушы органдармен бірлесіп, үлкен көлемде жұмыс жүргізгенін айтуымыз қажет. Салыстырып тексеру және есептеу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін «PETROSUN» ЖШС шығындарын қайта есептеу бойынша хабарласқан барлық сұйытылған газбен жабдықтаушы ұйымдарға 1,2 миллиард теңгеден астам шығындарын олардың шоттарына аударып берді. 2022 жылдың 10 маусымында сұйытылған газбен жабдықтаушы ұйымдардың шоттарына өтемақы аудару жұмыстары толық аяқталды.

 

«PETROSUN» ЖШС біздің қызметімізге қызығушылық білдірген барлық тұлғаларды қажетті ақпаратты ресми ақпарат көздерінен немесе тікелей Компаниядан алуға шақырады және кез келген қоғамдық диалог алаңдарында және БАҚ-та «PETROSUN» ЖШС-ның қызметіне қатысты шындыққа сәйкес келмейтін көрінеу жалған материалдар, жалған мәліметтер жарияланған жағдайда «PETROSUN» ЖШС өзінің құқықтары мен атақ-абыройын қорғау үшін заңмен қарастырылған шараларды қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.