Жерлесіміз Оралхан Дәуіт «AulieataMedia» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «turaninfo.kz» ақпарат агенттігінің сайтында жарияланды.
Оралхан Дәуіт 1976 жылы қазіргі Төлеби ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жастайынан жазу-сызуға қызығып өскен ол еңбек жолын «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен журналистік мансабын «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жалғастырды.Сондай-ақ, ел газеті «Егемен Қазақстан» басылымында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілші болып еңбек етті. Сонымен қатар, бас басылымның бөлім меңгерушісі болып та қызмет атқарған. Кейіннен Жамбыл облыстық «Арай» газетінің директор-бас редакторы, республикалық «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары болды. 2020 жылдың 5 маусымынан бүгінге дейін Жамбыл облыстық «AQ JOL» газетінің бас редакторы болды.
Оралхан Дәуітке жаңа қызметте толағай табыстар тілейміз!










