• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

04.06.2022
0
Президент Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл күннің егемен еліміз үшін айрықша мерейлі әрі маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қастерлі Тәуелсіздігіміздің рәміздері қабылданғанына дәл бүгін 30 жыл толып отыр.

– Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал, өткен ғасырда арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді.   Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті.   Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Президент еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз екеніне назар аударып, оған немқұрайлы қарайтындарға, қадір-қасиетін түсіретіндерге біржола тосқауыл қою қажеттігін айтты.

– Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі жөніндегі заңнаманы күшейту маңызды. Сонымен бірге, жастармен жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізген жөн. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Осы орайда, бүгінгі салтанатты іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор. Ту көтеру – аса маңызды оқиғаларға орай жасалатын ерекше рәсім. Халқымыз тарихи таңдауын жасайтын сәтте алып байрағымыздың көкте желбіреуін жақсы ырымға балаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздер елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы және абыройы екенін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ұлтымыздың азаттыққа, өркендеуге және жасампаздыққа деген табанды ұмтылысын білдіреді. Сонымен қатар баршамызды мызғымас бірлікке ұйыстырып, әрбір азаматты Отан үшін күнделікті қажырлы еңбек етуге және үлкен жетістіктерге үндейді.

– Көк туымызды салтанатты түрде көтеріп, ата-бабамыздың даңқты дәстүрін жалғастырамыз. Желбіреген туымыз Тәуелсіздік мұраттарына адал болуға шақырып, ерекше жігер береді. Жаһандық экономикада өршіп келе жатқан сын-қатерлер мен бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс жағдайында біз мемлекеттілігімізді нығайту үшін күш-қуатымызды еселей түсуіміз керек. Мемлекеттік рәміздерімізді мазақ етуге, қорлауға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Мұндай әрекеттерге барғандарды қатаң жазалаған жөн. Біртұтас халық ретінде ұйыса отырып, біз кез келген қиындықты бірге жеңіп, әділетті, тиімді мемлекет құра аламыз, – деді Президент.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, бас байрағымызды көтерген сәтте ең үздік курсанттарға әскери шен тапсыру игі дәстүрге айналғанын атап өтті.

– Сіздер Қарулы Күштеріміздің 30 жылдығында офицер атанғалы тұрсыздар. Бұл – үлкен абырой, зор жауапкершілік.    Сондықтан осы мәртебеге лайық болып, көпшілікке үлгі-өнеге көрсетулеріңіз керек. Туған елдің тыныштығы мен тұтастығын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тәуелсіздік туын биік ұстау – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның абыройлы міндеті. Ерлік істер осындай патриоттық сезімнен бастау алады. Сіздер ел үмітін ақтайсыздар деп сенемін. Әскери шендеріңіз құтты болсын!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін! – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орнының 12 үздік түлегі Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицер погонын алды.

Ту көтеру рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, мемлекеттік органдар басшылары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия мүшелері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.

Ақорда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.