• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Қ.ӨСКЕНБАЕВ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАР ЕУРОПАЛЫҚ «ҚАРА ТІЗІМГЕ» ЕНБЕЙДІ

03.06.2022
0

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев отандық ақпарат порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

2022 жылғы 1 маусымда Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитеті еліміздің авиациялық билігі мен қазақстандық әуе тасымалдаушылардың Еуропаға ұшуына қатысты ресми шешімін жариялады. ИИДМ басшысы Еуропаның 27 мемлекетінің билігі отандық әуе тасымалымен айналысатын компанияларға кәрі құрлыққа ұшуға шектеу қоймайтыны жайында шешім қабылдағанын және еліміздің «қара тізімге» енбейтінін атап өтті. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жарияланды.

«Еуропалық сарапшылар Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі саласында қалыптасқан ахуал мен осы тұрғыда соңғы 3 жылда ел Үкіметі тарапынан қабылданған шараларды оң бағалады. Әрине, біз бұны үлкен жетістік деп санаймыз. Оған себеп те жоқ емес. Еуропалық мамандар тарапынан оң баға алу үшін көп күш-жігер жұмсалып, кешенді жұмыстар қолға алынды», – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.

Сондай-ақ ол Қазақстанның бұған дейін «қара тізімге» кіргенін де еске салды. Атап айтқанда, 2009 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы тарапынан жүргізілген аудит нәтижесінде еліміздегі әуе тасымалы саласында ХААҰ талаптарының сақталу көрсеткіші төмен екендігі анықталған (47 пайыз). Осыған орай Еурокомиссия Air Astana компаниясынан өзге қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Еуропа елдеріне ұшуға тыйым салған болатын.

«Туындаған жағдайдан шығу үшін 7 жылдай уақыт қажет болды. 2016 жылы шектеулер алынып тасталғаннан кейін осындай олқылықты жайттардың алдағы уақытта қайталанбас үшін ИИДМ өте ауқымды жұмыстар жасады», – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, саладағы оң өзгерістер – түбегейлі реформаның нәтижесі. Жүргізілген жүйелі жұмыстар еліміздің азаматтық авиация билігінің еуропалық үлгіге өтуіне тікелей ықпал еткен. Бұл үшін Үкімет пен министрлік кешенді шараларды қолға алып, заңнаманы жетілдіру бағытында орасан зор жұмыстарды іске асырды. Нәтижесінде Ұлыбританияның авиациялық әкімшілігімен (UKCAA) ынтымақтастық орнатылып, нәтижесінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құрылды. Бұл ұйым 2019 жылдан бері азаматтық авиация саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруда. Басқарудың бұл үлгісі дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылады және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен EASA тарапынан мақұлданған.

«Жүргізілген реформа өз тиімділігін өткен жылдың тамыз айында толыққанды дәлелдеді. Себебі, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жүргізген аудит қорытындысы бойынша Қазақстандағы ұшу кезіндегі қауіпсіздік деңгейі 84 пайызға дейін артқаны айқындалды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15 пайызға жоғары. Сараптама нәтижесі бойынша еліміз Нидерланды, Бельгия, Португалия, Дания және Исландия мемлекеттерімен бір сатыда тұр», – деді ИИДМ басшысы.

«Бек Эйр» ұшағының апатына орай өткен жылдың соңында Еурокомиссия Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі бойынша қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді.

«Отандық авиация саласын жаңа шектеулерден қорғау мақсатында Еуропалық комиссияға түзету іс-шараларының жаңа жоспарын ұсындық. Сондай-ақ ИИДМ-ның Сыртқы істер министрлігі және Қазақстанның Бельгиядағы елшілігімен бірлесіп жүргізген тұрақты келіссөздерінің нәтижесінде комиссияға отандық әуе тасымалының әлеуеті мен ондағы қауіпсіздікті дәлелдедік», – деді министр.

Қазақстан тарапынан келтірілген дәлелдер мақұлданып, Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы түзету шараларын оң бағалаған. Бұл өз кезегінде отандық авиакомпанияларды «қара тізімге» енуін болдырмауға септігін тигізді.

Қайырбек Өскенбаевтың пайымдауынша, дер кезінде қолға алынған шаралар – Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі бойынша аймақтағы көшбасшылық позициясын сақтап қалуға ықпал еткен.

Сонымен қатар оңтайлы шешімдер мен жүйелі жұмыстар шетелдік әуе компанияларын тартуға және отандық әуе тасымалдаушылардың ұшу географиясы ауқымын ұлғайтуға өз әсерін тигізеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.