Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министрі) болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, Сағынтаевты ЕЭК Алқасының мүшесі етіп тағайындау туралы шешім 23 мамырда Мәскеуде шығарылған болатын. Ол Руслан Бекетаевтың орнына келді. Сағынтаев Бекетаевты тағайындау кезінде белгіленген өкілеттіктің қалған мерзіміне тағайындалды.










