• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шығыс жерінде Қаратай батырға ескерткіш орнатылды  

29.09.2015
0

 

Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданында кең байтақ елімізді қорғап, жерімізді жаудан алып қалған батырлардың бірі – Қаратай Көкжарлыұлына ескерткіш орнатылды. Өз заманында атқа қонып, еркіндік үшін қолына қару ұстаған батыр жігіт Абылай ханның дәуірінде өмір сүрген. Жоңғар, қалмақты жерімізден қуып шығып, қарсы соғысқан Қаратай батырға өр Алтайда ескерткіш қойылуы тегін емес. Себебі Қытай, Моңғолиямен шекаралас жатқан өлкеде ерлік жасап, ата-жұртын жаудан аман алып қалған. Таулы Алтайдың ғана емес, қазақ жұртының тағатсыздана күткен қуанышты жаңалығымен «Айғақ» қоғамдық телеарнасының басшысы Дулат Әбіш бастаған топ бөлісіп қайтты. Қаратай батырға ескерткіш қою көптен күткен жаңалықтың бірі. Ел шежіресінде үлкен орны бар, әрі көсем, әрі шешен болған батырдың жатқан жері жылдар бойы белгісіз болып келді. Жазушы Оралхан Бөкейден бастап талай ұрпағы іздестірген батырдың сүйегі Ұлытаудың етігінде қалыпты. Зираты, тас мүсіні көз алдымызда тұрмағанмен оның есімі мен ерлігі жатталған батырға табиғаты тамсандыратын өлкеде құрмет көрсетілді. Ат үстінен ыршып түсіп, қолына  қалқанын ұстап еліне қарап тұрған батыр мүсіні ерекше жасалыныпты. Елім, жерім, халқым аман болсын, соғыс бітті деген мағынан білдіріп тұрғандай. Таулы өлкеде биік қыраттармен таласып тұрған ескерткіштің ашылу салтанатына жан-жақтан ұрпақтары жиналды. Ұлан асыр той жасап, тарихтың қойнауында қалған тұлғаның есімін қайта түлетті.

Sequence 01.Still007

Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту болған бұл сәт ерекше. Ат үстіне мінген батырлардың көрінісі, бабаның әруағын қозғап айтылған әңгімелер тарихи сәт. Қазақтың жерін, алаштың кегін жоңғардан қайтарған Қаратай Көкжарлыұлы қайратын көпке сынатқан. Тұлпарының дүбірімен елдің бірлігін сақтап, айбынын  асқақ ұстаған Қаратай бабаның ескерткіші туған жерге тарту мақсатында жасалған. Яғни Қатонқарағай өңірінен шыққан Құрмет Оразаев, Қайрат Ахметов, Ғани Шаймерденов, Байназар Нұралин сияқты азаматтардан құралған «Мұзтау» қоғамдық қоры демеушілік танытып, мерейі үстем тірлік жасалды. Ғасырдан-ғасырға есімі мақтан болып келе жатқан Қаратай Көкжарлы тарихи тұлға. Абылай ханның сенімді серігі, алаш жұртына үлгі-өнеге боған батыр ел есінде мәңгі сақталмақ. Қатонқарағай ауылында қойылған ескерткіш соның бір куәсі десек қателеспіз.

Sequence 01.Still003

 

Қаратайдың ұрпағымыз деп мақтанатын ағайынның ауылында бұл күні тағы бір той өтті. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қалихан Ысқақтың туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Топқайың елді мекені. Түтіні түзу шығып, халқы бейбіт күн кешкен шағын ауылда білім ошағы бар. Оқушылар білім алып, тәрбиенің бастауы болатын Топқайың мектебі енді бұдан былай жазушы Қалихан Ысқақтың есімімен аталатын болды. Яғни Қатонқарағай ауданына жиналған бір топ зиялы қауым мен Қаратайдың ұрпақтары Қалихан Ысқақтың кеуде мүсінін ашып, кітабымен мың жасайтын қаламгерге құрмет білдірді.

Sequence 01.Still014

Қазақтың қара сөзінің қас шебері «Жол басы», «Қоңыр күз» повестерімен оқырман қауымға аты шаққан қаламгер туралы баяндамалар жасалып, гүл шоқтары қойылды. Алтайды бауырына басқан жазушының мүсінін көріп шығармалары көз алдыңа келіп, ойыңа оралады. Тұп-тура бейнесін айнытпаған. Бұл туған жерінде көрсетілген құрметтің үлкені. Сондай-ақ бұл күні Қалихан Ысқақтың тұтынған заттары, құнды дүниелері жинақталған мұражай ашылып еліміздің түкпір-түкпірінен жиналғандар куә болды.

Бағлан Байкөбекқызы

 

 

Бөлісу10TweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.