Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығында қызмет алушы қарияларға құрмет көрсетілді. Арбат алаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аға буын өкілдері ерекше қуанышқа бөленді.
Шаһарда 2025 жылға дейін әр ауданнан зейнеткерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған болатын. Аға ұрпақтың денсаулығын қолдау және бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мекемелері мегаполистің 4 ауданында қызмет көрсетуде.
Бүгінде аталмыш орталықтың аудандық бөлімшелерінде 8 мыңнан астам зейнеткер түрлі қызмет алып, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік алған. Бұл – аға буын өкілдеріне деген шынайы қамқорлықтың көрінісі.