• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 29, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткен. Айтулы күні қазақ театрының тұңғыш режиссері Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» пьесасы негізінде жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.

    Маусымашар салтанаты қызыл кілеммен басталып, театр тарландары мен жас буын әртістер сахна төріне көтерілді. Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының кезекті маусымашары театр өнерінің биік деңгейін, классикалық мұраларға деген құрмет пен заманауи көзқарасты айқындаған, жетістіктерді саралаған маңызды мәдени оқиға болды. Жаңа маусым қазақ театр өнерінің негізін қалаған көрнекті тұлға Жұмат Шаниннің есімін ұлықтауға арналған мазмұнды шарамен басталды. Маусымашар аясында өнер майталманының шығармашылығын насихаттау мақсатында өзі жазған «Арқалық батыр» пьесасы негізінде жарық көрген кітаптың тұсаукесері өтті.
Аталған еңбекті жазушы, журналист Қайрат Сәбитұлы кітап етіп құрастырып, орыс тіліне аударған. 1924 жылы Семей театрында алғаш сахналанған бұл пьеса қазақ драматургиясының дамуына зор үлес қосқан тарихи туынды саналады.


 Жаңа маусым көрермендерге арналып сахналанған Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасымен ашылды. Осы орайда театр және кино әртісі, ҚР мәдениет қайраткері Еркінбек Шымырқұлов маусымашармен құттықтап, өнердегі әріптестеріне шығармашылық табыс тіледі.


Сахна саңлақтарының еңбегі мен шабытынан туған әр қойылым – рухани азық, ұлттық мәдениеттің айнасы. 97-ші маусымын жаңа леппен бастаған Шанин театры алдағы уақытта да көрерменін көркем туындыларымен қуантуды, қазақ театр өнерінің мәртебесін асқақтатуды мақсат етеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ

Айғақ медиа
24.07.2026
0

Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

БАСПАНА БАҚЫТЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

 Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ФЕЛЬДШЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БЕЙНЕЖЕТОНМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.