• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ

06.05.2022
0
Бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Бабалар рухына 100 Құран хатым» рәсімі өтіп, бабалар рухына құран бағышталды. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары қатысты. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев те қатысып, игі бастамаға қолдау көрсетті.
Түркі елдерінің Бас мүфтилері қатысқан іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Құрметті шетелден келген мәртебелі мүфтилер! Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Алла Тағала Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жасаған зияраттарыңызды, бабамыздың рухына бағыштаған Құран хатым дұғаларымызды қабыл еткей. Расында, Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де, сәні де жоқ. Біз, өмірден өткен жандарға Құран бағыштап, Құдайдан жарылқау тілеген түркі-мұсылман халықтарының бүгінгі ұрпағымыз. Біздің имамдарымыз бен медресе шәкірттеріміз бүгінгі тарихи оқиға қарсаңында ата-баба рухына арнап қасиетті кітабымыз Құранды 100 рет хатым етті. Алла Тағала оқыған Құранымыз бен жасаған дұғамызды қабыл еткей. Әмин!» деді.
Ізгі іс-шарада дін қайраткерлері Қожа Ахмет Ясауи қабірін зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады. Дін ғұламалары мен қарилар Түркістандағы оң өзгерістерді жоғары бағалап, елге амандық, тыныштық, бақ-береке тіледі.
Сонымен бірге бүгін Түркістан қаласында түркітілдес мемлекеттердің «Мүфтилер алқасы» өтті. Мәжіліске Түркі елдерінің Бас мүфтилері қатысты.
Басқосуда Бас мүфтилер түркі мемлекеттерінің рухани бірлігін нығайтудың маңызын талқылады. Түркітілдес елдердің ортақ мұраларын дәріптеу, Ахмет Ясауи бабаның, сонымен қатар түркі дүниесіне ортақ Қорқыт ата, Ясауи, Мәуләна, Нәуәуи, Манас мұраларын насихаттау, Матуриди сенім мектебі мен Әбу Ханифа мәзһабын халыққа жеткізу, діни оқу-ағарту саласы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, жаһандық сын-қатерге жауап беруде мұсылман үмбетінің өзара ынтымағын арттыру, діни мерекелерді бір күнде атап өту, ортақ пәтуалар қабылдау, деструктивті діни ағымдардың теріс үгіт-насихатына жол бермеу жұмыстары бойынша ортақ келісімге келді.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

«ҚАЗАҚСТАН — ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ ІЗІМЕН»

Айғақ медиа
16.06.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 11 сәуірдегі Өзбекстанға жасаған сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен өткен кездесуден кейін «Қазақстан–Өзбекстан Президенттерінің ізімен» жобасы бастау...

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ БАҚ СЫНАДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Бүгінде этнос өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттау және мемлекеттік тілдің мәртебесін...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.