• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙГЕ БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТ НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

22.04.2022
0

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне қазақ телевизиясында 35 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері  Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Советбекқызы белгілі қаламгердің қолданған заттары мен киімдерін,  тарихи еңбектері мен медальдарын  табыстады. Олардың қатарында журналистика қайраткерінің қызметтік және отбасылық естеліктері жинақталған фото-альбом, «Қазақ жерінің зиялылары» атты энциклопедиясы мен ұлттың үнжариясы, костюм-шалбары мен көйлегі, сөмкесі, қаламсабы мен көзілдірігі, қойын дәптерлері, «Бейімбет Майлин – 125 жыл», «Ілияс Жансүгіров – 125 жыл», «Әсет Найманбайұлы – 150 жыл» медальдары бар.

  • «Нұртілеу Иманғалиұлы жарты ғасырға жуық ғұмырын журналистика саласына арнап, сауатты да салмақты ақпарат тарату жолында шәкірттердің бір буынына мектеп қалыптастырды. Нұртілеу Иманғалиұлы елдің азаматы, отбасының берік тірегі болды, есімі тарихта қалды. Бүгін өзі қолданған заттарының бір бөлігін Ұлттық музейге тапсырып, ол жайлы ескірмес естеліктердің кейінгі ұрпақ жадында сақталуына атсалыстық деп ойлаймын. Экспонаттар қатарында эфирге киген киімдері де бар. Нұртілеудің өзі айтқандай «патша көңілді көрермені» енді ұлттық музейден тамашалай алады. Сондай-ақ, Нұр-ағаның шығармашылығы мен жеке өмірін насихаттайтын ең алғашқы көрме де Ұлттық музейден бастау алғалы жатыр. Бұл бастамаға қолдау білдірген музей басшылығына айрықша алғысымды білдіремін. Көрме әрі қарай Алматы, Семей, Шымкент және туған өңірі Талдықорған қаласында аяқталады»,-деді Қарлығаш Советбекқызы.

Қазақтың сегіз қырлы бір сырлы, от тілді, орақ ауызды ұстаз-журналисі ретінде есте қалған Нұртілеу Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Табулдинова отағасының халқын ерекше сүйіп, өз мамандығын айрықша құрметтегенін де еске алды.

  • «Нұр-аға ұлтын ерекше жақсы көрді, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын айрықша бағалады. Содан болар ұлттық киімнің заманауи түрін хабарларға, эфирге киіп насихаттады. Сонымен қатар ол спортты да жақсы көрді. Жас кезінде бокспен айналысып, «Спорт шеберіне үміткер» атағын алды. Кейінгі жылдары суда жүзу, волейбол, бильярд ойындарымен де айналысты. Одан да алған кубок, наградалары көп. Ол өз саласының кәсіби маманы ғана емес жан-жақты болғанды, үнемі ізденіп, дамып отырғанды қалады.  Нұртілеудің қоғамдағы, жеке өміріндегі барлық қасиеті үлгі етуге лайық болса, оның дәлелі жылы естеліктер мен артында қалған мұралары»,-деді Қарлығаш Советбекқызы.

Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 1952 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Діңгек ауылында дүниеге келген. Үйдегі 14 баланың кенжесі. Атасы Қалиасқар бес жасында сауатын ашқан. 1977 жылы ҚазМУ-ді бітірген соң  Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген. Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарған.

Нұртілеу Иманғалиұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы» атанған.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі еліміздегі ұлттық мұралары мен мәдени құндылықтарын  сақтау мен қорғаудың бірегей орталығы болып табылады. Музей қорында палеонтология, археология, этнография, қару-жарақ, нумизматика, асыл металдар мен сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері коллекциялары, мұрағаттық фото, бейне және аудио құжаттар бар. Қазіргі таңда музей қорында 217 286 жәдігер сақталған.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық музейінде 2022 жылғы 28 сәуір күні сағат 16:00-де  белгілі қаламгер Нұртілеу  Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрмесі ашылады. Көрмеге Нұртілеу Иманғалиұлының эфирде киген ұлттық үлгідегі киімдері, жеке қолжазбалары мен жұмыс үстеліндегі бұйымдары, мемлекеттік және мерекелік наградалары, спорттық киімдері мен қанжар, қамшы, домбыра сынды 200-ге тарта заттары қойылады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

 ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ ЖЕҢІСІ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ЖЕМІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкенттік жас ақындар республикалық айтыста топ жарып, қала мерейін асқақтатты. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған...

МЕГАПОЛИСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖЕНЕВАДА ЖАЛҒАСТЫ

ТАЗА ҚАЛА –МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығы мен көркеюін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.