• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ТРИАТЛОННАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДА ӨТЕДІ

20.04.2022
0

Биылғы триатлон маусымы Түркістанда ашылады. Түркі әлемінің астанасы екі күнге созылатын республикалық деңгейдегі доданы қабылдайды. 2019 жылы мұндай триатлон сайысы Түркістан облысының Кентау қаласында өткен, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Бірінші күні Тұңғыш Президент саябағындағы сайыс алаңына кәсіби триатлоншылар шығып, ұлттық кубоктың рейтингтік ұпайлары үшін сынға түседі. Екінші күні сайыс алаңы мен Олимпиадалық орталықтың ашық бассейнінде Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan қатысушылары сайысады. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ташкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген 150 жуық спортшының қатысады.

Сайыскерлер 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден тұратын спринттік қашықтықты үздіксіз жүріп өтеді.

Ұйымдастырушылар келешек ұлттық құраманың қатарын толықтыратын мықты спортшыларды іріктеп қана қоймай, триатлон төрешілерінің біліктілігін арттыруды да көздеп отыр. Іс-шара ERG компаниялар тобының, ҚР темір жол көлігі мен инфрақұрылымының операторы PTC Holding, Gasenergy премиум санатты жанармай бекеттерінің, Nomad TriClub әуесқой триатлон клубы мен Tassay су маркасының қолдауымен ұйымдастырылады.

«Клубымыз үшін кең ауқымды триатлон сайысының демеушісі болу, TEMIRADAM додасының маусымын ашу үлкен мәртебе. Еліміздің түрлі саладағы дамуы жолында еңбек етудеміз. Президент жолдауын жүзеге асыру аясында кәсіпкерлер жұмылып, әлемдік стандарттарға сай Олимпиадалық орталықты тұрғызып берді. Осы кешеннің қабырғасында Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan өтеді. Бұқаралық спорттың, балалар спорты мен осындай іс-шаралардың өтуіне кәсіпкерлердің күш-жігер жұмсауы қуантады. Мұның барлығы Отанымыздың даңқы үшін болашақ олимпиада чемпиондарын қалыптастыруға үлкен себеп» — деп пікір білдірді Nomad TriClub клубының директоры Тимур Абилов.

«Түркістанда маусымды ашу ұлттық триатлонымыз үшін өте маңызды. Қаланы кездейсоқ таңдамадық: орналасуы, ауа райы, қажетті инфрақұрылымның болуы мен жергілікті биліктің тікелей қолдауы олимпиадалық триатлонның дамуына жақсы жағдай туындатып отыр. Оның үстіне Түркістан облыстық триатлон федерациясы да бірнеше жыл жұмыс істеп келеді» — деді ҚТФ спорт директоры Сергей Майер.

«Түркістанда алғаш рет жаңа кубоктік жүйе қолданылады. Мұның аясында Elite, U23, U19 және U17 санаттарының 50 спортшысы абсолюттік есепте жарысады. Онымен тоқтап қалмай, мықты спортшыларды анықтаудың үздік жолдарын іздестірудеміз. Мәселен, Pro және Age Group спортшылары ашық бассейнде жарысты бастап, бірден велосайыс пен жүгіруге кірісіп кетеді. Және де аймақтық тұрғындар арасында триатлонды танымал ету бағдарламасын жүзуге асырудамыз. Бұл жолы барлық қалаған спортшыларға TEMIRADAM Challenge атты 10 км жүгіру сайысын ұйымдастырамыз» — деп толықтырды  Сергей Майер.

Сайыс туралы толық ақпарат Қазақстан Триатлон Федерациясының ресми сайтында жарияланған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Үшінші мегаполисте  дін саласындағы саясатты іске асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды іс-шара өтті. «Дін саласындағы өзекті мәселелер...

ҚАЛАДА ҮШ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Отбасы – адамзат үшін ең қастерлі құндылықтың бірі. Оның іргесі берік, шаңырағы биік болса ғана елдің демографиялық ахуалы жақсарып, қоғам...

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ-ҚҰТҚАРУШЫЛАР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ КӨШБАСЫНДА

Айғақ медиа
24.07.2025
0

2025 жылғы 16–19 шілде күндері Қостанай облысының Тобыл қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде. Бұл жарыстар —...

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЛЕТТЕ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Қазақстанның жас құтқарушылары халықаралық деңгейде өздерінің батылдығы мен кәсіби машығын дәлелдеді. Шымкент қаласынан келген «Жас құтқарушылар» командасы Беларусь Республикасының Минск...

ШАҒЫН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

ШАҒЫН ГРАНТТАР КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
24.07.2025
0

Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсету саласындағы шағын гранттарға арналған конкурс Алматы мен Шымкент қалаларында және Солтүстік Қазақстан, Ақмола және...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.