• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

АРЫСТА  ТЕМІРЖОЛШЫЛАРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛЫП, САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

11.11.2021
0

 Арыс қаласы ажарлана түсті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қалаға кіреберістегі «Дендросаябақ» алдына темір жол тарихынан сыр шертетін, көненің көзіне айналған паровоздың ескерткіші орнатылды.

Ашық аспан астындағы музейге орналастырылған паравоздың салтанатты лентасын ҚР Парламенті сенатының депутаты Әлімжан Құртаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Арыс қаласының құрметті теміржолшылары қиды.

Ескерткішті орнатудағы негізгі мақсат – «Түркісіб» теміржолының құрылысына қатысып, жапан түзде тіршілікті жандандырған арыстықтарға, пойыздардың қауіпсіз жүріп тұруын қамтамасыз етуші барлық теміржолшыларға құрмет көрсету. Бұл айбынды монумент барлық теміржолшылардың қажырлы еңбегін асқақтатын белгі болып қалмақ.

Паровоз тарихына үңілсек, ол 1946 жылы Улан-Уде қаласындағы зауыттан шыққан. Салмағы жүздеген тоннаны құрайтын отарба Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха станциясынан әкелінген. Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арыстықтарды арнайы құттықтады.

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығына орай ерекше қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Темір жол саласы – Қазақстан экономикасының күре тамыры. Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ халқының тұрмысына шойын жол шаруашылығының енуі мен оның дамуы біздің ұлтымыз үшін айтулы оқиға болды. Ал тұтас бір дәуір жаңғырығына айналған «Түрксіб» темір жолын салуда Арыс қаласының маңызы зор еді. Осы жолда біздің ата-бабаларымыз талмай тер төгіп, аянбай еңбек етті. Біз бүгін қазақ елінің өсіп-өркендеуі мен темір жол саласын дамытудағы ақ адал маңдай тердің өтеуі әрі арыстық теміржолшылардың ерен еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде ашық аспан аясындағы ескерткіштің ашылу салтанатына жиналып тұрмыз. Осындай құндылықтарды дәріптеу арқылы біз ұрпақтар сабақтастығын сақтап, қазақстандық теміржолшылардың ерен еңбегін кейінгі буынға үлгі етеміз, – деді облыс әкімі.

Арыс қаласы әкімінің ұсыныс білдіруімен жобаны сәтті жүзеге асыруға Арыс қаласындағы теміржол училищесінде білім алып, еңбек жолын Арыс қаласында бастаған Қазақстанның «Құрметті теміржолшысы» Мақсұт Іскендіровтің, «отарбалардың» Арыс қаласына жеткізілуіне тікелей ықпал еткен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың, тарихты тірі куәгерінің тұғырға жеткізіліп, орнатылуына демеушілік жасап, материалдық көмек көрсеткен теміржол саласының ардагері Ермекбай Ермановтың үлесі зор болды.

Облыс басшысы барған келесі нысан – Арыс қаласындағы Теміржолшылар паркі. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары бой көтерген саябақ Арыс қаласының 65 жылдығына орай, мүлдем жаңа кейіпке енді. Бүгінде мұнда орындықтар ауыстырылып, балаларға арналған түрлі ойын аттракциондары орнатылды. Әрбір аттракционның қауіпсіздік ережелері заманауи талапқа сай келеді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жол кеңейтіліп, жаңартылды және мұнда озық үлгідегі жарықтандыру технологиясы қолдынылған.

Сонымен бірге бүгін Өмірзақ Естайұлы Арыстағы «Көктем-2» тұрғын ауданында орналасқан 5 қабатты 60 пәтерлік №7, №8, №10, №11 үйлердің құрылыс жұмысымен танысты. Қазіргі таңда Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 1951 адам кезекте тұр. Құрылысы қызу жүргізіліп жатқан 4 үйдегі 240 пәтердің аумағы 12308 шаршы метрді құрайды. Бұл баспаналар жыл соңына дейін коммуналдық тұрғын үй кезегінде тұрған 240 отбасыға  пайдалануға беріледі.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.