Жапония төрінде өткен ХХ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғаған ауыр атлетика шебері туған жерге оралды!95 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен зілтемірші Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлде иеленген еді. Чемпионды Шымкент жұрты әуежайдан зор құрметпен қарсы алды.Азия ойындарында ауыр атлетикадан 95келі салмақпен бақ сынаған Нұрғиса Әділетұлы күміс медальді қанжылап келді.
Бұл — бір спортшының ғана емес, елдің жеңісі. Талмай төгілген тер мен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Көк байрағымызды көкке көтеріп, ел намысын абыроймен қорғаған спортшымызды қарсы алған көпшілік оған ақжолтай тілектерін арнады. Туған-туыстары құшақ жая қарсы алып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, бауырсақ пен қымыз ұсынып, жеңімпазға құрмет көрсеттіШымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының басшысы Мұрат Жолдықожаев спортшыларға өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті.Олардың дайындығы мен жағдайы жіті бақылауда екенін айтып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға барлық жағдай жасалатынын жеткізді.











