Шымкентте биылғы шомылу маусымы қорытындыланды. Қала аумағында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде шомылу маусымы кезінде су айдындарында қайғылы оқиғалар тіркелмеген. Қауіпсіздік шаралары туралы — тілшіміздің материалында.
Қала аумағында шомылуға рұқсат етілген үш орынның бірі – Рахат-Бадам демалыс аймағы. Мұнда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ал рұқсат етілмеген он үш аумақта арнайы ескерту тақтайшалары мен белгі-таяқшалар орнатылған. Соған қарамастан қауіпке бас тігіп, тыйым салынған жерлерге түсетіндер әлі де бар. Қалада жаппай демалу, туризм және су спортына арналған 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 3 жерде шомылуға рұқсат етілген. Олар — «Райский пляж», «Рахат-Бадам» демалыс аймағы және Қошқар ата өзенінің бастауы. Ал шомылуға тыйым салынған 13 орын анықталып, бұл аумақтарға 267 ескерту тақтайшасы орнатылған.Қауіпсіздік талаптарын бұзған азаматтарға да әкімшілік шаралар қолданылған. Судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 20 адам жауапкершілікке тартылып, 605 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok










