Шымкентте 2 қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті. Атаулы күнде сала үздіктері марапатталып, шаһар колледждерінің халықаралық аренадағы жетістіктері айтылды.
WorldSkills Shanghai – 2026 чемпионатында Нодирбек Рустамханов медаль иеленсе, Қанан Ғазиза ел намысын абыроймен қорғап келген. Ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбегі дәріптелген кеште сала үздіктері дипломмен марапатталып, гүл шоқтары табысталды.Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне орай «КӘСІБИ БІЛІМ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚ» атты тағылымды іс-шара жастар ресурстық орталығы ғимаратында ұйымдастырылды. Басқосу техникалық және кәсіптік білім беру саласының өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Нақтырақ, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, өндірістік оқыту ардагерлері, студенттер мен әлеуметтік серіктестер қатысты.
Салтанатты кеште Шымкент қаласының білім басқармасы басшысы, сала қызметкерлерін марапаттап, құттықтау сөз сөйлеп, мамандарға ізгі тілегін жеткізді.
ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Өз өнімдерімізді танытуға зор мүмкіндік туды! Шаһарда отандық өндірушілердің басын қосқан «Шымкент өнімдері» көрмесі өтуде. Төрт күнге жалғасатын жәрмеңкеде жергілікті...











