Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін жаңа автокөлік өткелі тұрғындар игілігіне беріліп, қозғалысқа жол ашты.
Алғашқы кезеңде құрылыс аумағы дайындалып, теміржол үстінен өтетін өткелдің негізгі құрылымдарын салу жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында жол төсемі төселіп, көлік қозғалысына қажетті инфрақұрылым қалыптасты.
Құрылыс жұмыстарының келесі кезеңінде өткелдің жол бөлігі әзірленіп, қауіпсіздік талаптарына сай қажетті жабдықтар орнатылды. Нәтижесінде 30 қыркүйекте нысанның техникалық ашылуы өтіп, көлік қозғалысына мүмкіндік берді.
Ал соңғы кезеңде өткелге жалғасатын айналма жолдар ретке келтіріліп, аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Осылайша, құрылыс кезең-кезеңімен жүзеге асып, қаладағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған жаңа нысан пайдалануға берілді.

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare
site-verification-ok












