Қалада білім алмайтын, жұмыс істемейтін жастар жетерлік. Оқыған күннің өзінде өз мамандығын сүймейтіндер де бар. Мұндай азаматтар NEET деген шенді алған. Бүгінде Шымкентте осы санатқа жататын 6 мыңға жуық жас тіркелген. Бұл баланың ата-анаға деген масылдығы ма, әлде өмірде өз жолын таба алмауы ма?
Нақтырақ бейне сюжетте.
Жағдайға алаңдаған мамандар қаладағы 11 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға білім алу мен еңбекке араласудың маңызын түсіндірді. Алайда еңбек нарығында өз орнын табу үшін ниет қана емес, нақты мақсат пен дұрыс таңдау да қажет. Осыны ескерген мамандар жастарға жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесуге мүмкіндік берді. Басты мақсат білім алуға ынталандырып, болашаққа бағыт көрсету.

Кездесу барысында тәжірибелі профориентологтар да жастармен ашық әңгімелесті. Олар мамандық таңдауда ескерілетін негізгі факторларды түсіндіріп, қабілет пен қызығушылықты дұрыс бағалаудың маңызын айтты. Өйткені мамандардың сөзінше, кейбір азаматтар өз қалауынан гөрі өзгенің ықпалымен мамандық таңдап, кейін сол саладан өз орнын таба алмай жатады.