• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҰСТАЗДАР АЛДЫНДАҒЫ 6 МІНДЕТ

17.09.2026
0

Шымкенттік екі мыңнан астам ұстаздың басы қосылған тамыз кеңесі тарихи жаңалықпен басталды. Алғаш рет орта білім беретін ұйымдар арасында өткен конкурс жеңімпазы анықталып, үздік мектепке 68 млн теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, білім беру шебері деп танылған 10 үздік маман 2 млнды қанжығаға байлады. Білім саласындағы Президент жүктеген тапсырмалар сараланып, қала әкімі педагогтарға 6 міндет жүктеді.     28 тамызда «Қызғалдақ» сарайы этика мен эстетиканың, білім мен ізденістің тоғысқан ордасына айналды. Ұлағатты ұстаздар салтанатты сән-салтанатымен, жинақы да жарасымды келбетімен дәстүрлі Тамыз кеңесіне бас қосты. Жазғы демалыстан кейін қайта қауышқан әріптестер жаңа оқу жылына жоспарларын пысықтап, алдағы міндеттерді ортаға салды. Ал шаһардың үздік жас ғалымдары арнайы көрме ұйымдастырып, білім мен заманауи технологияны тоғыстырған ғылыми жобалары мен тың туындыларын көпшілік назарына ұсынды.


Өнертапқыштардың жұмысымен қала әкімдігі танысып, жас ғалымдардың тың жобаларына жоғары баға берді. Заманауи технология мен ғылыми ізденісті ұштастырған бұл бастамалар білім саласындағы жаңа мүмкіндіктердің айқын көрінісін көрсетті. Ал дәл сол уақытта негізгі залда Әнұран шырқалып, «Жаңахалықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту — білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты жиын басталды.

2026–2027 оқу жылын қаладағы 1 386 білім беру ұйымы республикалық Тамыз кеңесінде Президент жүктеген міндеттермен бастайды. Оның ішінде 29 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттамақ. Мінберге шыққан қала әкімі білімдегі жетістіктер мен олқылықтарды саралады. Қала бюджетінің 1/3 бөлігі ағартушылық саласына бөлінетінін айтып, алдағы жылдары халық көп шоғырланған жаңа шағын аудандардан мектеп салынатынын жеткізді.


Дарынды балаларды қолдау орталығы жұмысын бастап, 112 мың оқушыны қосымша үйірмемен қамтып отырған арнайы орталықтар, саланың негізгі 12 бағыты цифрлық жүйеге көшті. Осы бастамаларды түгендеген әкім саланың екінші тұсын да айтты. Яғни, педагогтердің кәсіби біліктілігі бірдей емес деді. Ғабит Әбдімәжитұлы жаңа оқу жылына 6 міндет жүктеді.

Жиын барысында білім беруде қажырлы еңбек еткен, шәкірт жүрегіне жол тауып, жетістікке жеткен ұстаздар марапатталды. Президент Жарлығымен 1 ұстаз «Қазақстанның Еңбек Ері», 3 мұғалім “Құрмет” орденімен, 9 педагог “Ерен еңбегі үшін” медалімен наградталды.

Ал, 5 педагог – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегері атанды. Сонымен қатар қала әкімдігінің білім гранты да табысталды. Соңғы 2 жылда 530 жас талапкерге тегін оқуға мүмкіндік жасалған.

Шымкенттің білім саласындағы ерекше оқиға — орта білім беретін ұйымдар арасында өткен конкурс. Шаһар мектептері арасынан жүзден жүйрік шыққан №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына 68 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, «Білім беру шебері» қалалық байқауына 13 мыңнан астам педагог қатысып, кәсіби шеберлігін ортаға салған болатын. Ішінен 10-ы үздік шығып, бойы ай сайын 200 мың теңгеден, жалпы 2 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалды.

Тамыз кеңесі жаңа оқу жылының негізгі бағытын айқындаған маңызды алаңға айналды. Үздік ұстаздар мен білім ордалары марапатталып, жаңа бастамаларға жол ашылды. Енді қала педагогтері Президент жүктеген міндеттерді басшылыққа алып, сапалы білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жұмыстарын жаңа қарқынмен жалғастырады деп сенеміз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.